Жарияланған күні: 30.06.2015 10:57
Өзгертілген күні: 30.06.2015 10:58

Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды әкелу кезінде, тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындау қажеттілігі туралы ақпарат.

2008 жылғы 25 қаңтардағы «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы» келісімнің 5-бабы 1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын олармен мәміленің құны бойынша айқындау кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылмаған мөлшерде, бағаланатын (әкелінетін) тауарларға жататын және бағаланатын тауарларды сату шарты ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама жүргізген немесе жүргізуге тиіс зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдер (патенттер, тауар белгілері, авторлық құқықтар үшін төлемдерді қоса алғанда) қосылады. Осылайша, роялти әкелінетін тауарлардың кедендік құнының бір бөлігі болып табылады және салық салынатын импортқа қосылуы тиіс. Құқық иелеріне (лицензиарға) роялти (лицензиялық төлем, сыйақы, тауарлық белгіні пайдалануға құқық үшін төлем) төлейтін, дүниежүзіне әйгілі құқыққа ие-компаниялар өнімдерінің импортерлері, тауардың кедендік құнына осындай төлемдерді қосуға және Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың импорты кезінде туындайтын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге міндетті екенін ескертеміз. Салық заңнамасына сәйкес, роялти қызмет көрсету ретінде қарастырылады және резидент емес ұсынған қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, олар қызмет көрсетулерді алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің айналымы болып табылады және ҚР-сы Салық кодексінің 230-бабының 1т., 2т., 241-бабының 1т. сәйкес резидент емес үшін қосылған құн салығы салынуға жатады. Сонымен бірге, егер қызмет көрсетулердің (роялти) құны импортталатын тауарлардың кедендік құнына қосылса, Салық кодексінің 241-бабы 1-тармағының ережелері қолданылмайды және тиісінше роялти тауар құнының бір бөлігі ретінде қарастырылады (ҚР-сы Салық кодексінің 241 бабының 6т., 2т.). Келісімге (кедендік заңнамаға) сәйкес тауарлық белгіні пайдаланғаны үшін роялти кедендік құнға қосылған тауарлардың импортын жүзеге асырушы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларда, тиісінше ҚҚС кеден органына төленуге жатады, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, резидент еместің қызмет көрсетулері үшін ҚҚС төлеу бойынша міндеттеме туындамайды. Осыған байланысты, тауарлық белгіні пайдаланғаны үшін, роялтиді тауардың кедендік құнына қоспау бөлігінде кеден заңнамасын бұзушылықтарды өзіңіз анықтаған жағдайда сізге міндетті түрде, кедендік төлемдер мен салықтарды, сонымен қатар өсімді төлеу, кедендік декларацияны түзету нысанын ұсыну үшін, тауарға кедендік тазарту жүзеге асырылған кеден органына жүгіну қажет екенін хабарлаймыз.