Date of publication: 12.08.2019 18:43
Date of changing: 12.08.2019 18:45

     Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ардагерлер қатарын ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы Айсұлу Абдулкаримқызы Өтегенова толықтырды.

Айсұлу Абдулкаримқызы 1993 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын дамытуға және жақсартуға үлкен үлес қосып келеді.

Айсұлу Абдулкаримқызы 1960 жылы туған, білімі жоғары, 2005 жылы "Қаржы және несие"мамандығы бойынша "Евразия" Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтын бітірген.

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2014 жылдан бастап жұмыс істейді, жалпы еңбек өтілі 38 жыл.

Жұмыс барысында Департаменттің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және облыс әкімдігінің алғыс хаттары, құрмет грамоталары бар.,

Жұмыс кезінде өзін сауатты, білікті маман, жас ұрпақтың тәлімгері ретінде көрсете білді, әріптестерінің беделі мен құрметіне ие болды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Тлеулес Жанболат Қиікбайұлы барлық ұжымның атынан алғыс айтып, құрмет көрсетті.

Айсұлу Абдулкаримқызы әріптестеріне Бірге өткізген жылдары үшін алғысын білдіріп, өз кезегінде барлығына денсаулық, жақсылық, рух пен шыдамдылық тіледі.

Түсіндіру жұмысы басқармасы