Date of publication: 13.01.2017 19:02
Date of changing: 13.01.2017 19:04

2017ж.11.01. КГД-19/511-И  Хатына сәйкес,Қазақстан аймағында халықаралық шарттардың, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі-ЕАЭО туралы шарт)ережелерін, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімін, Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясыарасында 28.04.1998 жылы жасалынғанбiр мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтарының құқықтық мәртебесi туралыШартын (бұдан әрі – Құқықтық мәртебе туралы Шарт) қолдану бойынша ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Ұ.Маминның басшылығымен өткен жиналыста ҚР аймағында тұрақты түрде тұрып жатқан, Ресей Федерациясының азаматтарына дара кәсіпкер ретінде тіркеу құқығын беру бойынша біржақты ұстаным әзірленді.

Жоғарыдағы жазылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  Мемлекеттік кірістер комитеті , Қазақстан аймағында тұрақты түрде тұрып жатқан Ресей Федерациясының азаматтарын дара кәсіпкер ретінде тіркеуді тоқтату туралы 2012 жылғы 12 желтоқсандағы №НК-11/10273-И, 2013 жылғы 20 қыркүйектегі №НК-06-29504-7087 хаттарын кері шақырады.