Date of publication: 09.12.2019 18:32
Date of changing: 09.12.2019 18:37

     Тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға қатысты мәліметтер дұрыс, саны жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуі тиіс.

         Әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің құны жөніндегі әдіс (1-әдіс)

      1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құны олармен жасалған мәміленің құны болып табылады, яғни оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сату кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын және:

      1) мына:

      тауарлардың қайта сатылуы мүмкін географиялық өңірді шектейтін;

      тауарлардың құнына елеулі әсер етпейтін;

      Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді қоспағанда, сатып алушының тауарларды пайдалануға және билік етуіне берілген құқықтарына қатысты шектеулердің жоқ болуы;

      2) тауарлардың сатылуы немесе олардың бағасы тауарлар бағасына әсері сан жағынан айқындалуы мүмкін болмайтын, қандай да бір жағдайларға немесе міндеттемелерге тәуелді болмау;

      3) осы Кодекстің 67-бабына сәйкес қосымша есептеулер жүргізуге болатын кездегіден басқа жағдайларда, кейін тауарларды сатудан, өзге әдіспен билік етуден немесе сатып алушының пайдалануынан түсетін кірістің немесе пайданың ешбір бөлігі сатушыға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болмау;

      4) сатып алушы және сатушы өзара байланысты тұлғалар болып табылмайтын немесе сатып алушы мен сатушы әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік мақсаттар үшін қолайлы болатындай өзара байланысты тұлғалар болып табылатын талаптары орындалған кезде осы Кодекстің 67-бабына сәйкес толықтырылған баға болып табылады.

      2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптардың ең болмаса біреуі орындалмаған жағдайда, іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін қолайлы болып табылмайды және 1-әдіс қолданылмайды.

      3. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға сатып алушының тікелей сатушыға немесе сатушының пайдасына өзге тұлғаға жүзеге асырылған немесе жүзеге асыруға жататын осы тауарлар үшін барлық төлемдердің жалпы сомасы болып табылады. Бұл ретте төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген нысанда тікелей немесе жанама жүзеге асырылуы мүмкін.

      Егер декларацияланатын тауарлар бір мәміле шеңберінде сатып алынған осындай тауарлардың көп мөлшерінің бір бөлігі болып табылған жағдайда, декларацияланатын тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға декларацияланатын тауарлар саны мен сатып алынған тауарлардың жалпы санының арақатынасындағы арақатынаста (пропорцияда) айқындалады.

      4. Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыс фактісі әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолайлы болмайтын мәміленің құнын мойындау үшін өздігінен негіз болып табылмауға тиіс. Бұл жағдайда сатылымға ілеспе мән-жайларға талдау жасалуға тиіс. Егер көрсетілген өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер етпесе, мәміленің құны әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолайлы деп танылады.

      5. Егер сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылған жағдайда және бұл ретте декларант табыс еткен немесе өзге тәсілмен кеден органы алған ақпараттың негізінде кеден органы сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер ететін белгілерді анықтаса, онда кеден органы бұл белгілер туралы жазбаша немесе электрондық нысанда декларантқа хабарлайды. Бұл жағдайда кеден органы кедендік бақылау, оның ішінде сатылымға ілеспе мән-жайларға талдау жүргізеді. Декларанттың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланысының әсері жоқ екенін мына тәсілердің бірімен:

      1) қосымша құжаттар мен (оның ішінде кеден органы қосымша сұратқан) сатылымға ілеспе мән-жайларды сипаттайтын (көрсететін) мәліметтерді табыс ету тәсілімен дәлелдеуге құқығы бар. Іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыстың әсерін анықтау мақсатында кеден органы сатылымға ілеспе мән-жайларға талдау жүргізу кезінде, сатып алушы мен сатушы өзінің коммерциялық қарым-қатынастарын ұйымдастыратын тәсілді қоса алғанда, мәмленің барлық шарттарын және қарастырылып отырған баға қалай белгіленгенін қарастырады. Егер жүргізілген талдаудың нәтижесінде кеден органы, сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар бола отырып, тауарларды сол талаптармен, оның ішінде егер олар өзара байланысты тұлғалар болып табылмағандығы сияқты, салыстырмалы бағалармен (яғни сол деңгейдегі бағалармен) өзара сатса және сатып алса, бұл факті сатып алушы және сатушы арасындағы өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер етпеуінің дәлелі болып табылады;

      2) әкелінетін тауарлармен мәміленің құны тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген сол немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде орын алған мынадай тексеру шамаларының біріне:

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатушымен өзара байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушыларға осындай тауарларды сату кезінде бірдей немесе біртекті тауарлармен мәміленің құны;

      осы Кодекстің 70-бабына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртекті тауарлардың кедендік құны;

      осы Кодекстің 71-бабына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртекті тауарлардың кедендік құнын тексеру шамаларына жақын екенін растайтын құжаттар мен мәліметтерді табыс ету тәсілімен дәлелдеуге құқығы бар;

      6. Егер кеден органында осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тексеру шамаларының бірі әкелінетін тауарлармен мәміленің құнына жақын екені туралы жеткілікті ақпарат болса, ол декларанттан әкелінетін тауарлармен мәміленің құнын осы тексеру шамасына жақын екенін дәлелдейтін қосымша ақпарат сұратуға тиіс емес.

      7. Кеден органы осы баптың 5-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тексеру шамаларын әкелінетін тауарлармен мәміленің құнымен салыстыру жүргізу кезінде декларант табыс еткен, сатылымның коммерциялық деңгейлеріндегі, тауарлар санындағы, осы Кодекстің 67-бабында көрсетілген қосымша есептердегі айырмашылықтар туралы, сондай-ақ әдетте сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болған кезде, сатылымдар кезінде сатушы шегетін шығындармен салыстырғанда сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылмаған кезіндегі сатылымдар кезінде сатушы шегетін шығындардағы айырмашылықтар туралы мәліметтерді ескереді.

          Бірдей тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс (2-әдіс)

      1. Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құнын Кодекстің 66-бабына сәйкес айқындауға болмайтын болса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бағаланатын тауарлар сияқты сол немесе оған сәйкес келетін уақыт кезеңінде, бірақ бағаланатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген бірдей тауарлармен мәміленің құны мұндай тауарлардың кедендік құны болып табылады.

      Бірдей тауарлармен мәміленің құны осы Кодекстің 66-бабына сәйкес айқындалған және кеден органы қабылданған осы тауарлардың кедендік құны болып табылады.

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы бапқа сәйкес сол коммерциялық деңгейде және мәні бойынша бағаланатын тауарлар сияқты мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен мәміленің құны пайдаланылады.

      Егер ондай сатылымдар анықталмаса, сатылымның коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) тауарлар санындағы айырмашылықтар ескерілетін тиісті түзетумен өзге коммерциялық деңгейде және (немесе) өзге мөлшерлерде сатылған бірдей тауарлармен мәміленің құны пайдаланылады.

      Көрсетілген түзету бірдей тауарлармен мәміле құнын ұлғайтуға немесе азайтуға әкелетініне қарамастан түзетудің негізділігі мен нақтылығын құжаттамалық растайтын мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

      Мұндай мәліметтер болмаған кезде бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін бірдей тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс пайдаланылмайды.

      2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы бапқа сәйкес, қажет болса, бірдей тауарлар тасымалданатын (тасылатын) қашықтықтардағы және тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түрлеріндегі айырмашылықтарға негізделген бағаланатын және бірдей тауарларға қатысты осы Кодекстің 67-бабының 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген елеулі айырмашылықты есепке алу үшін бірдей тауарлармен мәміле құнына түзету жүргізіледі.

      3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес түзетулер есебінен бірдей тауарлармен мәміленің біреуден артық құны анықталған жағдайда, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төмен бағасы қолданылады.

          Біртекті тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс (3-әдіс)

      1. Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 66 және 68-баптарына сәйкес айқындауға болмайтын болса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бағаланатын тауарлар сияқты сол немесе оған сәйкес келетін уақыт кезеңінде, бірақ бағаланатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген біртекті тауарлармен мәміленің құны мұндай тауарлардың кедендік құны болып табылады.

      Біртекті тауарлармен мәміленің құны осы Кодекстің 66-бабына сәйкес айқындалған және кеден органы қабылдаған осы тауарлардың кедендік құны болып табылады.

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы бапқа сәйкес сол коммерциялық деңгейде және мәні бойынша бағаланатын тауарлар сияқты мөлшерде сатылған біртекті тауарлармен мәміле құны пайдаланылады.

      Егер ондай сатылымдар анықталмаса, сатылымның коммерциялық деңгейінде және (немесе) тауарлар санындағы айырмашылықтар ескерілетін тиісті түзетумен, өзге коммерциялық деңгейде және (немесе) өзге мөлшерде сатылған біртекті тауарлармен мәміле құны пайдаланылады.

      Көрсетілген түзету біртекті тауарлармен мәміле құнын ұлғайтуға немесе азайтуға әкелетініне қарамастан түзетудің негізділігі мен нақтылығын құжаттамалық растайтын мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Мұндай мәліметтер болмаған кезде бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін біртекті тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс пайдаланылмайды.

      2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы бапқа сәйкес, қажет болса, біртекті тауарлар тасымалданатын (тасылатын) қашықтықтардағы және тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түрлеріндегі айырмашылықтарға негізделген бағаланатын және біртекті тауарларға қатысты осы Кодекстің 67-бабының 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген елеулі айырмашылықты есепке алу үшін біртекті тауарлармен мәміле құнына түзету жүргізіледі.

      3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес түзетулер есебінен біртекті тауарлармен мәміленің біреуден артық құны анықталған жағдайда, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төмен бағасы қолданылады.

           Шегеру әдісі (4-әдіс)

      1. Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 66, 68 және 69-баптарына сәйкес айқындауға болмайтын болса, декларанттың өтініші бойынша осы Кодекстің осы бабының және 71-бабының қолданылу кезектілігі өзгертілген жағдайларды қоспағанда, мұндай тауарлардың кедендік құны осы бапқа сәйкес айқындалады.

      2. Егер бағаланатын тауарлар не бағаланатынмен бірдей немесе бағаланатындармен біртекті тауарлар олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген күйінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатылған жағдайда, мынадай сомалар:

      1) делдалға (агентке) әдетте төленетін немесе төленуге тиіс сыйықы, не әдетте Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сол кластың немесе түрдегі тауарларды сатуға байланысты орын алған мөлшерде, әдетте пайда табу және ортақ шығыстарды (коммерциялық және басқарушылық шығыстарды) жабу үшін жүргізілетін бағаға үстемеақы;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында жүзеге асырылған тасуға (тасымалдауға), сақтандыруға жұмсалған әдеттегі шығыстар және өзге де осындай операциялармен байланысты шығыстар;

      3) тауарларды Қазақстан Республикасына әкелумен және (немесе) сатумен байланысты төлеуге жататын осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген кедендік баждар, салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер шегерілген жағдайда, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде, бағаланатын тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген сол немесе оған сәйкес уақыт кезеңінде мұндай сатуды жүзеге асыратын, өзара байланысты тұлғаларға бағаланатын тауарларды не бағаланатынмен бірдей немесе бағаланатындармен біртекті тауарлардың ең көп жиынтық мөлшері сатылатын тауар бірлігінің бағасы қабылданады.

      3. Егер бағаланатын да, бағаланатынмен бірдей де, бағаланатынмен біртекті де тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген сол немесе оған сәйкес уақыт кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатылмаған жағдайда, мұндай тауарлардың кедендік құны, олар бойынша тиісінше бағаланатын немесе бірдей, немесе біртекті тауарлар, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу күніне қатысты ең ерте күнге, бірақ осы күннен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң кешіктірілмей тауарлар сол әкелінген күйінде, тауар бірлігі үшін баға белгілеуге жеткілікті мөлшерде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатылатын тауар бірлігі бағасы негізінде айқындалады.

      4. Егер бағаланатын да, бағаланатынмен бірдей де, бағаланатынмен біртекті де тауарлар , Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген сол күйінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатылмаған жағдайда, декларанттың өтініші бойынша бағаланатын тауарлардың кедендік құны, қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құны және осы баптың 2-тармағында көрсетілген сомалар шегерілген жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына олар осы тауарларды сатып алатын адамдармен өзара байланысты болмайтын адамдарға, қайта өңдеуден (өңдеуден) кейін сатылатын олардың ең көп жиынтық мөлшері бойынша, осындай тауарлар бірлігінің бағасы негізінде айқындалады.

      Қайта өңдеу (өңдеу ) нәтижесінде қосылған құнды шегеру қайта өңдеу (өңдеу) құнына жататын дұрыс, саны жағынан айқындалатын және құжаттамалық расталған ақпарат негізінде жүргізіледі.

      5. Осы баптың 4-тармағының ережелері мына:

      1) тауарлардың өзінің дара белгілерін жоғалтуына қарамастан қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құнның шамасы дәл айқындалуы мүмкін кездегі жағдайларды қоспағанда, одан әрі қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде бағаланатын тауарлар өзінің дара белгілерін жоғалтқан;

      2) бағаланатын тауарлар өзінің дара белгілерін жоғалтпайтын, бірақ бағаланатын тауарлардың құны сатылатын тауарлар құнына елеулі әсер етпейтін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатылатын тауарларда соншалықты елеулі емес бөлікті құрайтын жағдайларда, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолданылмайды.

      Осы баптың 4-тармағын қолдану мүмкіндігі нақты жағдайларға байланысты әрбір жеке жағдайда айқындалады.

      6. Бағаланатын тауарлардың не бағаланатынмен бірдей немесе бағаланатын тауарлармен біртекті тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатылымын қарастырған кезде, бағаланатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін өндіруге және беруге байланысты осы Кодекстің 67-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлар мен қызметтерді пайдалану үшін тікелей немесе жанама түрде, тегін немесе төмен бағамен ұсынған тұлғаға сату есепке қабылданбайды.

      7. Осы баптың мақсаттары үшін пайданың және тауарларды өткізуге тікелей де, жанама да шығыстар болуы мүмкін, жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасы, осы шығыстарды жабатын, сондай-ақ сол кластағы және түрдегі тауарды сатуға байланысты пайда табуды қамтамасыз ететін, тауар бағасына үстемеақы ретінде қарастырылады.

      Пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасы тұтастай ескеріледі және егер декларант табыс еткен мәліметтер сол кластағы немесе түрдегі тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сату кезінде орын алған мәліметтермен салыстыруға болатын жағдайларда, декларанттың қолындағы ақпарат негізінде айқындалады. Егер осы мәліметтер сол кластағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде кеден органының билігіндегі пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) әдеттегі мөлшері туралы мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, кеден органы пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасын ондағы мәліметтер негізінде айқындай алады.

      8. Осы баптың мақсаттары үшін бағаланатын тауарлар сияқты белгілі бір елден әкелінген сол кластағы немесе түрдегі тауарлардың сатылымы туралы, сондай-ақ басқа елдерден әкелінген тауарлар туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын тауарлар және олар салыстырылатын тауарлар сол кластағы немесе сол түрдегі тауарлар болып табыла ма деген мәселе тиісті мән-жайлар ескеріле отырып, әрбір нақты жағдайда бөлек шешіледі. Бұл ретте, бағаланатын тауарларды қоса алғанда, оларға қатысты ақпарат табыс етілуі мүмкін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген неғұрлым шағын топтағы немесе сол кластағы немесе түрдегі болуы мүмкін бірқатар тауарлардың сатылымдары қарастырылады.

      9. Егер кеден органы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын онда бар мәліметтер негізінде осы бапқа сәйкес анықтаған жағдайда, ол декларантқа мұндай мәліметтердің көздері туралы, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есептер туралы мәліметтерді электрондық немесе жазбаша нысанда хабарлайды.

          Қосу әдісі (5-әдіс)

      1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде негіз ретінде:

      1) жасауға немесе материалдар сатып алуға жұмсалған шығыстарды және өндіруге жұмсалған, сондай-ақ бағаланатын тауарларды өндіруге байланысты өзге де операцияларға жұмсалған шығыстарды;

      2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылған елде, бағаланатын тауарлар сияқты, сол кластағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде әдетте ескерілетін, сол шамаға балама, пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомаларын;

      3) осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды қосу жолымен анықталатын тауарлардың есептік құны қабылданады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар, өндірушісі немесе оның атынан табыс етілген және мұндай құжаттар тауарлар өндірілген елде қолданылатын жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есепке алу қағидаттарына сәйкес жасалған жағдайда, өндірушінің коммерциялық құжаттарымен расталған, тауарлар бухгалтерлік есептің жалпы бағаланатын тауарлардың өндірісі туралы мәліметтер негізінде айқындалады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көретілген шығыстар осы Кодекстің 65-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген және осы Кодекстің 67-бабының 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бөлінген, осы Кодекстің 67-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, әкелінетін тауарларды өндіруге байланысты сатып алушы тікелей немесе жанама түрде табыс еткен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын қамтуға тиіс. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында жүргізілген (көрсетілген), осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағының 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген тауарлар мен қызметтердің құны, осы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге өндіруші төлеген дәрежеде ғана енгізіледі. Бұл ретте, есеп айырысу құнын айқындау кезінде шығыстар қайтадан ескерілмейді.

      Жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) ретінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілмеген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін әкелінетін тауарларды өндіруге және сатуға жұмсалған тікелей және жанама шығыстар ескеріледі.

      4. Пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасы тұтастай ескеріледі және өндіруші немесе оның атынан табыс етілген мәліметтер негізінде айқындалады. Егер осы мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін сол кластағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде мемлекеттік кірістер органының билігіндегі пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) әдеттегі мөлшері туралы мәліметтерге сәйкес келмейтін жағдайда, кеден органы пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасын ондағы мәліметтер негізінде айқындай алады.

      5. Осы баптың мақсаттары үшін бағаланатын тауарлар сияқты сол елде өндірілген сол кластағы немесе түрдегі тауарлардың сатылымы туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын тауарлар және олар салыстырылатын тауарлар сол класта немесе сол түрде болып табыла ма деген мәселе тиісті мән-жайлар ескеріле отырып, әрбір нақты жағдайда бөлек шешіледі. Бұл ретте, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін ақпарат табыс етілуі мүмкін неғұрлым шағын топтағы немесе сол кластағы немесе түрдегі болуы мүмкін бір қатар тауарлардың сатылымдары қарастырылады.

      6. Кеден органдары, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, шетелдік тұлғадан тауарлардың есеп айырысу құнын айқындау үшін құжаттар мен мәліметтерді табыс етуді талап етуге құқылы емес.

      Тауарлардың есеп айырысу құнын айқындау үшін шетелдік тауар өндіруші немесе оның атынан табыс етілген құжаттар мен мәліметтер Қазақстан Республикасының уәкілетті органы шетелдік тауар өндірушінің келісуімен, сондай-ақ тауарларды өндіруші елдің уәкілетті органы алдын ала хабарлаған жағдайда және мұндай тексеру жүргізуге оның қарсылығы болмаған кезде тауарларды өндіруші елде тексерілуі мүмкін. Шетелдік тауар өндіруші немесе оның атынан табыс етілген құжаттар мен мәліметтерді тексеруді, Қазақстан Республикасының уәкілетті органы, Қазақстан Республикасының қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүргізеді.

      7. Егер кеден органы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын ондағы мәліметтер негізінде осы бапқа сәйкес айқындаған жағдайда, ол декларантқа осындай мәліметтер көздері туралы, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есептер туралы электрондық немесе жазбаша нысанда хабарлайды.

       Резервтік әдіс (6-әдіс)

      1. Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 66, 68, 69, 70 және 71-баптарына сәйкес анықтала алмайтын жағдайда, мұндай тауарлардың кедендік құны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы бар мәліметтердің негізінде осы тараудың қағидаттары мен ережелеріне сүйене отырып, айқындалады.

      2. Тауарлардың құнын анықтаудың, осы бапқа сәйкес пайдаланылатын әдістері осы Кодекстің 66, 68, 69, 70 және 71-баптарында көзделген әдістер болып табылады, алайда кедендік құнды айқындау кезінде осы бапқа сәйкес олар қолданылған жағдайда икемділікке жол беріледі. Атап айтқанда, мынаған жол беріледі:

      1) бағаланатын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін бағаланатын тауарлар өндірілген елден басқа елде өндірілген бірдей немесе біртекті тауарлармен мәміленің құны негіз болып қабылдануы мүмкін;

      2) бірдей немесе біртекті тауарлармен мәміленің құны негізінде бағаланатын тауарлардың кедендік құнын анықтау кезінде осы Кодекстің 68 және 69-баптарына сәйкес белгіленген, бағаланатын тауарлармен бірдей немесе бағаланатын тауарлармен біртекті тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылуға тиіс және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бағаланатын тауарлар әкелінген, бірақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бағаланатын тауарларды әкелгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес, сол немесе оған сәйкес уақыт кезеңінде әкелінуі тиіс деген талаптан ақылға сыйымды ауытқуға жол беріледі;

      3) бағаланатын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін осы Кодекстің 70 және 71-баптарына сәйкес белгіленген, бағаланатын тауармен бірдей немесе бағаланатын тауарлармен біртекті тауарлардың кедендік құны негіз болып қабылдануы мүмкін;

      4) осы Кодекстің 70-бабына сәйкес бағаланатын тауарлардың кедендік құнын анықтау кезінде осы Кодекстің 70-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен ауытқуға жол беріледі.

      3. Тауарлардың кедендік құнын анықтаудың бірнеше әдісін қолдану мүмкіндігі болған жағдайда, осы баптың 2-тармағына сәйкес оларды қолданудың дәйектілігін ұстану қажет.

      4. Әкелінетін тауарлардың осы бапқа сәйкес айқындалған кедендік құны барынша мүмкін болған дәрежеде бұрын айқындалған кедендік құнға негізделуі тиіс.

      5. Әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы бапқа сәйкес:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндірілген тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы бағаларының;

      2) кедендік мақсаттар үшін екі баламалы құнның неғұрлым жоғарысын қабылдауды көздейтін жүйенің;

      3) әкету елінің ішкі нарығындағы тауарлар бағасының;

      4) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес бірдей немесе біртекті тауарлар үшін айқындалған есеп айырысу құнына қосылған шығындардан басқа шығындардың;

      5) тауарларды әкету елінен Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекеттерге берілетін тауарлар бағасының;

      6) тауарлардың ең төменгі кедендік құны;

      7) еркін немесе жалған құны негізінде айқындалмауға тиіс.

      6. Егер кеден органы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын өзінде бар мәліметтер негізінде, осы бапқа сәйкес анықтайтын болса, ол декларантқа осындай мәліметтер көздері туралы, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есептеулер туралы электрондық немесе жазбаша нысанда хабарлайды.