Date of publication: 28.02.2017 12:20
Date of changing: 28.02.2017 12:22

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының  2010 жылғы 30 маусымдағы кодексіне 464-бабының 3-тармағына.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылдың 11 қаңтарында  №12 бұйрығы шықты «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2105 жылғы 31 наурыздағы  №250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Бұл кодекске енгізілген өзгертулер кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың мынадай критерийлерін бекітті. Жеке тұлғалардың кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда тауарлардың сипаттамасы мен саны, сонымен қатар тауардың өткізу жиілігі және жеке пайдалануға арналған тауар түрлері көрсетілді:

  1. Олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі 1 (бір) зат;

ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2 (екі) бірлік;

планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек – жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;

зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 (бес) зат;

велосипед – бір адамға 1 (бір) дана;

бала арбасы – бір адамға 1 (бір) дана.

  1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бір) реттен аспауы тиіс.

2. Кеден одағының кедендік аумағына кез-келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсіпкерлік қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

3. Көрсеткіштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағканда) қатысты қолданылмайды.

                              

                «Әуежай-Орал» кеден бекеті      Ж.Н.Шуиншкалиев