Date of publication: 18.03.2017 13:22
Date of changing: 18.03.2017 13:26

    Мемлекеттік кірістер органдарының бірден бір басымдылық мақсаты ол бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуға тиісті зейнетақы жарналарын толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету.

     Уәкілдер міндетті зейнетақы жарналарын уақытында ұстап және уақытында аудармаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары міндетті зейнетақы жарна салымшыларының пайдасына аударылмай кешіктірген әр күнге өсімпұл есептейді.

     Өсімпұл уәкілдік органмен белгіленген қаржыландырудың  ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде әрбір мерзімі өткен күн үшін есептеледі.

    Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектер орын алған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары уәкілдерге белгіленген нысан бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама»  жібереді.   Егер міндетті зейнетақы жарналарына берешігі 1 АЕК төмен болған жағдайда хабарлама жіберілмейді.

     Уәкіл хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарына зейнетақы қоры салымшылар тізімін міндетті зейнетақы жарна берешектерін аудару үшін ұсынуға тиісті.

    Салымшылар тізімін алғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары зейнетақы жарналарын өндіріп алу үшін уәкілдің банк шоттары бойынша инкассалық өкімдер қояды.

    Егер   уәкілдер зейнетақы қоры салымшылар тізімін міндетті зейнетақы жарна берешектерін аудару үшін ұсынбаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары банк шоттары мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға өкім шығарады.

    Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету заңнамаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.  Пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек өндiрiлiп алынатын бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тiзiмiн мемлекеттік кірістер органдарына ұсынбауы «ескерту» жасауға әкеп соғады.

     Егер де әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет бойынша  мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының аударылмаған, толық есептелмеген, ұсталып қалмаған сомасының субъектінің санатына байланысты 10 пайыздан 50 пайызға дейін мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 

БҚО МКД мәжбурлеп өндіріп алу болімінің басшысы Джангереева Д.Б.