Date of publication: 20.04.2016 17:37
Date of changing: 20.04.2016 17:38

2014 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті мен Кедендік бақылау департаментін біріктіру жолымен, сонымен қатар таратылған Экономикалық  және сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) қаржы және экономикалық қылмыстардың тергеу функциялары мен құзыреттері берілумен, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті болып құрылды. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті    Орал қаласы, Пойменная 2/2 көшесі  мекенжайында  орналасқан. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кезекші бөлімінде 8 (7112) 53-84-27  сенім телефоны  жұмыс істейді. Ақпараттар  тәулік бойы қабылданады.

            «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды  қабылдау  және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»  2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 Бас прокуратурасының бұйрығына сәйкес қылмыстық қудалау органының кезекші  бөліміне  қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызбен, хабармен тікелей жүгінген арыз иесіне уәкілетті адам бірегей нөмірі бар талон-хабарламаны береді.

Талон-хабарлама екі бөліктен:

қылмыстық қудалау органында қалатын талон-хабарлама түбіртегінен; сондай-ақ арыз иесіне берілетін үзілмелі талон-хабарламадан тұрады.

Үзілмелі талон-хабарламаның артқы бөлігінде арыз иесі тиісінше ақпаратты ала алатын Интернет-ресурс http://service.pravstat.kz, телефон нөмірлері: 1012 (SMS-сервисі), 8 800-080-7777 (стационарлықтан), 1414 (ұялыдан)  және арызды қабылдаған қылмыстық қудалау органының телефоны  көрсетіледі.

Арыз иелері арыз бойынша қабылданған шешімді тексерумен бірге қылмыстық қудалау органына сенім білдіру дәрежесі туралы пікір білдіре алады.

Жасалған, дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз және хабар арыз иесінің тікелей жүгінуі кезінде үлгі бойынша қабылданады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу үшін ең ауыр жаза 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіледі.