Date of publication: 22.06.2020 11:21
Date of changing: 22.06.2020 11:21

Әр түрлі әлеуметтік желілерде шағын бизнес субъектілерінің өкілдері тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) енгізуге байланысты мәселелерді талқылауда. Атап айтқанда, бөлшек сауда саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін ТІЖ ресімдеу қиындығы туралы мәселелер.

ТІЖ ресімдеу жөніндегі талаптар Салық кодексінің 176-бабында белгіленген, норма 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу мерзімімен                 2017 жылы қабылданды.

ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі, ТІЖ ресімдеу қағидалары мен нысаны «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген.

ТІЖ қағидалары салық төлеушілермен бірнеше рет талқыланды және ТІЖ функционалын жақсарту және енгізу мерзімдері бойынша тиісті шоғырландырылған шешімдер бар.

Қазіргі уақытта ТІЖ ресімдеу жөніндегі қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, оған сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін ТІЖ ресімдеу тәртібіне қатысты ережелер көзделген.

Атап айтқанда, бөлшек саудада өткізу кезінде ТІЖ растау және ресімдеу талап етілмейді (акцизделетін тауарларды қоспағанда), себебі тауарларды одан әрі есептен шығару автоматты түрде онлайн-БКМ чектері арқылы жүзеге асырылатын болады.

Осылайша, бөлшек саудада қызметін жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінде ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндет туындамайды және тиісінше, қосымша штат жалдаудың және қымбат тұратын жабдықты сатып алудың қажеті жоқ.

Сондай-ақ, салық төлеушілер өздерінің есепке алу жүйелерін техникалық дайындау және бейімдеу үшін қосымша кезеңнің, сондай-ақ ЕАЭО-дан және де Қазақстан ішінде контрагенттермен, тасымалдаушылармен, жеткізушілермен, логистикалық компаниялармен өзара қарым-қатынасты қайта құру қажеттілігі туралы мәлімдеген болатын.

Осыған байланысты, ТІЖ ресімдеуге кезең-кезеңмен көшу туралы шешім қабылданды, ТІЖ бірінші кезеңі неғұрлым дайын салық төлеушілерге (бүгінгі күні акцизделетін өнімге ілеспе жүкқұжаттармен жұмыс істейтін немесе Виртуалды қойма модулі арқылы жұмыс істейтіндер) енгізіледі.

2020 жылдың 1 қазанынан бастап ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндет акцизделетін өнімдерге, ЭШФ жазып беру «Виртуалдық қойма» модулі арқылы жүзеге асырылатын тауарларға (335 тауар позициясы) және ЕАЭО импортына/экспортына қолданылады;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндет Тауарларды алып қою тізбесі бойынша қалған тауарларға (3865 тауар позициясы) және таңбаланатын тауарларға қолданылады.

ТІЖ функционалына қатысты салық төлеушілер үшін мынадай тиімді жақтарын атап өтеміз.

ТІЖ нысаны акцизделетін тауарларға жазып берілетін қолданыстағы ілеспе жүкқұжаттарды, тауар-көлік жүкқұжаттарды және запастарды басқа жаққа шығаруға арналған жүкқұжаттарды біріктіруге мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар әртүрлі ақпараттық жүйелерде жазып беріледі, бұл салық төлеушілерден құжаттарда қайталанатын ақпаратты қайта енгізуді талап етеді.

Оларды ТІЖ бір құжатына біріктіру ақпаратты қайта енгізуді және қолмен енгізу қателерін болдырмай, бір ақпараттық жүйеде жазып беруге мүмкіндік береді.

ТІЖ-ның тиісті бөлімдерінің деректері ЭШФ-ның тиісті бөлімдерін автоматты түрде толтыруы көзделген, бұл ЭШФ толтыруды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

ТІЖ енгізу бизнес-үдерістердің жылдамдығын арттырады, себебі мәмілелердің барлық тараптарына ЭШФ-ны жазып беруді күтпестен, ТІЖ бойынша тауарды бірден одан әрі өткізуге мүмкіндік береді (ЭШФ тиеп жөнелтілген сәттен бастап 15 күн ішінде жазып берілуі мүмкін).

ЕАЭО елдерінен тауарлар импорты кезінде ТІЖ қолдану салық төлеушілерге 328.00 СЕН алуды күтпестен, ТІЖ бойынша тауарды одан әрі өткізуге мүмкіндік береді.

API интерфейсі арқылы ЭШФ АЖ-нің ERP-жүйелермен интеграциялануы арқасында салық төлеушілер басқа ақпараттық жүйелерге кірмей-ақ өздерінің есепке алу жүйесінде ТІЖ жазып бере алады. Себебі API қызмет әмбебап интеграциялық ашық механизм болып табылады.

Электрондық ілеспе жүкқұжатты пайдалану салық төлеушілердің құжат айналымы шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ТІЖ енгізуді одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарауға дайын, салық төлеушілер өз ұсыныстарын «ТІЖ бойынша ұсыныстар» деген белгімен esfsd@mgd.kz  электрондық мекенжайға жібере алады.

 

 

Құрметпен, 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

8 (7172) 71 85 56,

71 71 16, 70 99 40