Date of publication: 06.01.2017 16:44
Date of changing: 06.12.2018 19:19

Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Қазақстан Республикасының кірістер органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің  2015 жылғы  «27» сәуірдегі  № 284 бұйрығынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Қаржы Министрлігінің  27.06.2016 жылы  №404  бұйрығына сәйкес төмендегідей өзерістер енгізілді.

«Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына төмендегідей мазмұнымен толықтырылды:

9. Көрсетілетін қызметті алушы не нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
   1) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою немесе тіркеу есебінен шығару үшін немесе тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш;

2)мынадай:

   бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру бойынша қызметті жүзеге асырған кезінде – меншiк құқығын немесе мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстік объектiсiн жалға алуды растайтын құжаттардың;
   бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сату бойынша қызметті жүзеге асырған кезінде – меншiк құқығын немесе мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), жанармай құю станциясын жалға алу құқығын растайтын құжаттардың немесе жанармай құю станциясын иеленушімен жасалған тапсырма шартына сәйкес жанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген адам) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа) және (немесе) дизель отынын бөлшек сауда арқылы өткізуді оның атынан немесе өтініш берушінің (сенім білдіруші) тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын шарттың не мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартының;
    темекі өнімдерін көтерме сату бойынша қызметті жүзеге асырған кезінде – меншiк құқығын немесе қойма үй-жайын жалға алуды растайтын құжаттардың көшермесі ұсынылады.
    Көрсетілген құжаттар бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, темекі бұйымдарын көтерме сауда бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін, сондай-ақ бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, темекі бұйымдарын көтерме сауда бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген кезде ұсынылады.

 Сонымен қатар,  «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынан 3-қосымшасы алынып тасталды, яғни 3- қосымша «Алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді бойынша жекелеген қызмет түрі бойынша» салық өтініші тапсырылмайды.