Date of publication: 03.04.2017 16:34
Date of changing: 03.04.2017 16:35

    Жалған ақша жасау — көп ғасырлық тариғы бар ауыр қылмыс болып табылады. Бұл мемлекеттің экономикалық және саяси қауіпсіздігіне шынайы қауіп-қатер тудырып несие-қаражат жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне зиян келтіреді. Жалған ақшалардың көбейуіне қолма-қол ақша қаражаттарының үлкен көлемі және жалған ақшаның сапасы жоғары болуына қамтамасыз ететітін цифрлық технологиялардың дамуы ықпал етеді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінде бір топ адамның алдын ала келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жалған банкноталарын өткізу және өткізу мақсатында сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелген.

Қылмыстық істі тергеу барысында, 18 жасар А.А.Сарбаев азаматы және 17 жасар Б.А.Жандыбаев азаматы анықталмаған тұлғадан құндылығы 500 теңгелі банкноталарды сатып алғаны анықталған. Одан кейін, шынайы ақшалай қаражаттарға ауыстыру мақсатымен, олар 3 жалған ақша купюраларын өз танысына өткізген.

Соңғысы, қылмыстық жауапкершілігі қарастырылған әрекетін заңға қайшы келетінің түсініп  ішкі сенімімен өз еркімен құқыққа қайшы әрекеттерден бас тартып жұмыс орынынан алыс емес жерде 3 жалған ақша купюраларды өртеу арқылы жойған.

Сонымен қатар, сатуға дайын тұрған жалған ақша купюралары табылған. Осылай, облыс аймағымызда жалған ақшаның тарату жолы кесілген.

Батыс Қазақстан облыстық кәмілетке толмаған жасөспірімдер істері бойынша арнайы мамандандырылған аудан аралық соты оларды кінәлі деп танып әр қайсысына шартты тұрде бас бостандығын 5 жылға айыру туралы үкім шығарған.

Назар аударыңыз!

Егерде сіз күмән туғызатын купюраларды байқасаңыз, еш уақытта онымен дүкендерде, сауда үйлерінде немесе көліктерде төлеуге тырыспаңыз.

Неге десеңіз, жалған ақшаны өткізу әрекеті қылмыстық заңнамасының нормаларына сәйкес ең ауыр қылмысқа жатады. Бұндай жағдайда, оның шынайлығын анықтау үшін банкке әкелу ең дұрыс қадам болып табылады. Егерде купюра шыныменде жалған болған жағдайда оны сізге ауыстырып бермеседе, заң алдында сіздің абыройыңыз таза болады.

БҚО бойынша МКК ЭТҚ