Date of publication: 25.05.2017 11:19
Date of changing: 25.05.2017 11:20

Қаржылық пирамида-бұл қандай-да бір инвестициялық жобаға халықтың қаржысын тартатын, бірақ шын мәнінде ешбір инвестициялық қызметпен айналыспайтын, жобаның қатысушыларына төлемдер жүргізуді жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаттары есебінен жүзеге асыратын ұйым.

            Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда бір қатар ұйымдар жүргізіп отырған қаржылық пирамида белгілері бар күмәнді қызметтеріне жиіназар көңіл бөлінуде.

Бұл қаржылық инвестициялар нарығында алаяқтықтық әрекеттердің кең таралу түрлерінің бірі болып табылады және ел экономикасына, тұтастай  халыққа зиян келтіруі мүмкін.

Мұндай пирамидалардың айырықша белгілері – салымшылардан мүшелікке кіру жарнасынан басқа, ешқандай жұмысты талап етпей жоғары пайыздық кепілдіктер беру. Қаржылық пирамидаларға кіру ерікті түрде ақша салу арқылы жүреді. 

Оңай олжаға тез сенген азаматтар мұндай авантюраларға қатысу үшін, соқыр тәуекелге барып, барлық жиған-тергендерін, дүние-мүліктерін салады. Адамдарға кең ауқымда жүргізілген жарнамалық акциялар арқылы, сонымен қатар осы мекемелердің құрамына кірген адамдардың үгіттеулері түрінде қысымдар көрсетіледі. Және де бұл қаржылық пирамидалардыңнакты белгісі. Өйткені, оның негізгімақсаты-салымшыларды барынша көбірек тарту болып табылады.

Қызметтің заңдылығына сендіру мақсатында азаматтармен келісім-шарттар жасалады, ал нақты алғанда азаматтардың ешбір қандай құжатқа қол қойып жатқанын білмейді.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы аумағында тұрғындардан ақша тарту қызметімен тек екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар Ұлттық пошта операторы уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензия негізінде айналыса алатындығын айта кету қажет. 

            Ақпараттықтехнологиялардыңдамуыменқаржыпирамидаларыныңқызметтері Интернет желісі арқылы да жүргізіле бастады, мұнда тұрғындарға желілік маркетингтен бастап басқа адамдарды тарту есебінен табыс табуға дейінгі жеңіл табыстың түрлі тәсілдері ұсынылады.

Заңнамалармен қаржылық пирамида сызбаларын пайдалану арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды жауапкершілікке тарту қарастырылған. Мұндай қызметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің217-бабында қарастырылған құқық бұзушылық белгілеріне жатады.

            Қаржылық пирамидалар құрамына кірместен бұрын, ойланып көріңіз!