Date of publication: 26.08.2016 13:50
Date of changing: 26.08.2016 16:00

Құрметті салық төлеушілер!

Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға салық органына төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет:

  • тіркеу есебі туралы ЖК салықтық өтініші (№ 4 қосымша)
  • мекен-жай анықтамасы;
  • ЖК мекен-жайын растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшермесі (жалға беру шарты, мүлікке меншік ету туралы кұжаттар, меншік иесі туралы мәліметтер);
  • жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • файлдары бар папка;
  • флешка.

            Жеке тұлға жоғарыда аталған құжаттарды ұсынған сәттен бастап салық органы бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуден өткізеді.

             2016 жылдың 1 қаңтарына өзгерістер мен толықтыруларымен берілген Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі – ҚР Салық Кодексі) 428 бабына сәйкес шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:

  1. жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
  2. патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
  3. оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.

Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдау кезінде жеке тұлғалар дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген бюджетпен өзара есеп айырысу, жалпыға бірдей белгіленген тәртібі әртүрлі жеке кәсіпкершілікті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерге қарастырылған.

ҚР Салық кодексінің 428 бабының 2 тармағына сәйкес жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк бір жыл қолданылғаннан кейiн ғана келесі арнаулы салық режимiне ауысуға болады.
 

Патент негізінде арнаулы салық режімін осы Кодекстің 428-бабы   3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін:
     

  1. қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
  2. жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;
  3. салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.
     

Салық кодексінің 430 бабына сәйкес күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады. Дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабын ұсынады.

Есеп-қисап (911.00 ф) патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады.

Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді.

 

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың сомаларын есептеу болжамалы кірістің 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі.

           

 

Осы Кодекстің 428-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:
      1) дара кәсіпкерлер үшiн:

  • дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;
  • салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса; Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.

Қолданыстағы салық заңнамасы негізінде, оңайлатылған декларация ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына 2016 жылдың тамыз айының 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.  Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу 2016 жылдың тамыз айының 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына оңайлатылған декларацияны (910.00 ф) тапсыру мерзімі 2017 жылдың ақпан айының 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу 2017 жылдың ақпан айының 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

                                                                                                                                                                                                             МКД  БКО