Date of publication: 09.06.2020 13:53
Date of changing: 09.06.2020 13:56

     Мемлекеттік кірістер органдарыменкөрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігімен бекітілген 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік Тізілімге сәкес көрсетіледі.
     Тізілімге мемлекеттік кірсітер органдарымен көрсетілетін 44 мемлекеттік қызмет түрі енгізілген, оның ішінде 27 қызмет салықтық және 17 қызмет кедендік бағыттағы.
     Бүгінгі күнде, 44 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 37 қызметі (немесе 84,09%) автоматтандырылған:
- Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi;
- Салық төлеушілерді тіркеу;
- Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі;
- Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру;
- Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру;
- Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру;
- Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру;
- Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру;
- Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру;
- Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру;
- Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру;
- Қазақстан Республикасының резинденттігін растау;
- Алкоголь өніміне (шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру;
- Темекі бұйымдарына акциздік таңбалар беру;
- Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);
- Салықтық есептілікті қабылдау;
- Салықтық есептілікті керi қайтарып алу;
- Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;
- Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару;
- Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту;
- Еуразиялық экономикалық одаққа тауарларды экспорттау (импорттау) кезінде салық нысандарын қабылдау;
- Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару;
- Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу;
- Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру;
- Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерiн, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу;
- Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу;
- Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгізу;
- Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу;
- Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау;
- Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау;
- Тауарларды кедендік тазарту;
- Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру;
- Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу;
- Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу;
- Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу;
- Транзиттік декларацияны қабылдау;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
    Қазіргі уақытта салық төлеушілердің және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың 90% -дан астамы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алады, осыған сәйкес қызмет нәтижесін электронды түрде алуға болады.
      Қызметті электронды түрде алудың артықшылығы - қызмет алушылар қызметтерді Мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ ала алады.
     Сонымен қатар, электронды салық төлеуші өзінің жеке тіркеу деректеріне, жеке шоттардың ағымдағы жағдайына қол жеткізе алады, сонымен бірге төлеушілер бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірмесін ала алады, хабарламалар алады және т.б.
     Біріншіден, бұл мемлекеттік қызметті тәуліктің кез келген уақытында мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ, кез-келген жерден, Интернет арқылы ыңғайлы уақытта алу мүмкіндігі. Осылайша, «электрондық» салық төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс уақытына тәуелді емес.

БҚО бойынша МКД