Date of publication: 18.06.2020 15:48
Date of changing: 18.06.2020 15:51

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 12 мамыр мен 1 желтоқсан аралығында өтетін "Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал" акциясы қайта жаңартылғанын хабарлайды. Оның қатысушысы болу үшін, "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алуларының фискалдық түбіртектерін қосымшаға енгізе бастаңыз. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы 200 ден 5 000 теңгеге дейінгі сомаға телефон теңгерімі түрінде лезде жүлде ұтып алуға болады. Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі – 1 000 000 теңге ұтысына қатыса алады.      Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі. Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар бір миллион ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.