Date of publication: 28.05.2019 18:02
Date of changing: 28.05.2019 18:03

"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 25-бабының 9-тармағына сәйкес - Сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын мәміле бойынша төлемдерді қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлер немесе қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің пайдасына заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырады.

Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәміле бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның пайдасына бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қолма-қол тәртіппен төлемді жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі- ӘҚБтК) 266-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болып табылады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабы).

Бұл ретте, шектеу мәміле бойынша қолма-қол тәртіпте төлемді жүзеге асыруға, оның қолданылу мерзімі мен жүзеге асыру мерзімділігіне қарамастан, 1000 АЕК-тен жоғары сомаға қолданылады.

Алайда практикада Заңның 25-бабы 9-тармағының нормаларын орындаудан жалтару мақсатында бірнеше біртекті шарттар жасасады.

Осыған байланысты тиісті мәмілелерді жасанды түрде бөлшектеу фактілері бойынша ӘҚБтК-нің 266-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуға жатады.

Кодекстің 819-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды ма, осы тұлға оны жасауға кiнәлi ме, ол әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады ма, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар бар ма, мүлiктiк залал келтiрiлген бе, осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және осы Кодексте көзделген басқа да хаттамалар дұрыс жасалған ба, істің өзге де материалдары дұрыс ресімделген бе, іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар, сондай-ақ тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар бар ма, соны анықтауға, сондай-ақ iстiң дұрыс шешілуі үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.

Осылайша, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік әкімшілік істі қарау нәтижелері бойынша белгіленеді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің барлық материалдарын зерделеуді ескере отырып бағалануға жатады.