Date of publication: 25.10.2018 19:34
Date of changing: 25.10.2018 19:35

Батыс Қазақстан    облысы   бойынша  Мемлекеттік  кірістер департаменті  «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 2018 жылдың мамыр айының 21-нен бастап қараша айының 30-дейін Қазақстан Республикасы аумағында «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясы жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

            Акция электронды түрде  түбіртектің суретін «Wipon» мобилді тіркемесімен жіберу арқылы өтеді (тіркемені «Google Play Маркет,  Apple App Store» желісі арқылы тегін орналастыруға болады).Акцияға қатысатын бақылау - кассалық машина түбіртектерінің саны қатысушылардың өздерінің де санына шектеу қойылмайды.

Сондайақ бір суретте бірғана түбіртектің көшірмесі болуға тиіс.

Түбіртектің суретінде төменгі ақпараттар анық көрінілуі міндетті:

  • ИИН/БИН, уақыт, күні, қортынды сома, фискалдық белгі;
  • түбіртекте фискалдық белгі болуға тиісті: түбіртекте ФП, Ф, F, фискальдық, фискальтық түбіртек белгілері болуы міндетті;
  • түбіртектің түп нұсқасын сақтау міндетті емес;
  • түбіртектегі сома 0 тенгеден жоғары болу қажет;
  • тауарды алған не болмаса көрсетілген қзымет түбіртегінің уақыты мен күні ағымдағы жылдың 21 мамырынан киін болмауға тиіс;
  • «Wipon» желісін жойған жағдайда бұрынғы жіберілген түбіртектің бәрі жойылады;
  •  Бір түбіртекті қайталап жіберілсе есепке алынбайды.

            Чектерді қабылдау ағымдағы жылғы 21 мамырдан 30 қарашаға дейінгі кезеңге жүргізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында сыйлықтардың ұтысы мен оларды табыстау өтеді.

            Бас финал жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автомобиль ұтысқа салынады.

            Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Осылайша, қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.

            Акция кәсіпкерлердің қолма-қол ақшамен тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде чектердің беруін қамтамасыз етуге бағытталған.

            Бағалы жулделерді ойнату ай сайын жалғасуда!

БҚО бойынша МКД