Date of publication: 02.02.2018 10:58
Date of changing: 02.02.2018 11:01

       2018-жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында көптеген өзгерістермен бірге салық тексерістерін жүргізуге де қатысты біршама өзгерістерден тұратын жаңа Салық кодексі күшіне енді.

Осы өзгерістерге тоқталатын болсақ:

  • жоспардан тыс салық тексерістерін жүргізу негіздерінің санының қысқаруы (ескі Салық кодексінің  627-бабы 9-тармағы 2-тармақшасына сәйкес 34 қысқартудан бастап, жаңа Салық кодексінің 145-бабы  3-тармағына сәйкес 12-ге дейін);
  • жеке қорғаушылардың, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, кәсіби медиаторлардың қызметтерін тоқтату салық тексерістерін жүргізусіз камералық бақылау негізінде жүзеге асырылады (жаңа Салық кодексінің 66-бабына сәйкес).

      Аудиторлық ұйымдардың тексерістерін жүргізу жағдайларын жақсарту (жиынтық жылдық табыс бойынша төменгі шектік мән 150 000 ЕАК дейін көбейді). Жаңа Салықтық кодекс жобасының арнайы нормасы тексерістерді аутсорсингке беруді ынталандырады. Бизнес бизнесті тексеретіндігі жөніндегі норма бұрыңғы Салық кодексінде де болған, бірақ аутсорсингке беруге болатын соманың шегіне байланысты «жеткілікті дәрежеде белсенді» жұмыс жасамады. Бұл шек қазіргі уақытта екі есе көбейді (жаңа Салық кодесінің 60-бабына сәйкес).

     Салық кодексіне «Салық тексерістері» тарауындағы тексерістерді жүргізудегі лауазымды және тексерілетін тұлғалардың құқықтары мен міндеттері бойынша баптар енгізілді. Аталмыш өзгерістер тексерушілер үшін де салық төлеушілер де тексеріс шеңберіндегі ережелерді анықтауы және стандарттауы қажет, сонымен қатар тексеріс процедурасы бойынша даулардың пайда болуын төмендетеді (жаңа Салық кодексінің 155-ші және 156-шы баптары).

   Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) түбегейлі қайта қаралды. Салықтық әкімшіліктендіру, соның ішінде ынталандыру және бақылау шаралары дифференциалданған тәсілдің негізінде құрылатын болады. Тәуекелдің төмен дәрежесінде – салық тексерістерінің болмауы, есеп беру мерзімдерін өзгерту түріндегі мүмкін босаңдық жасау, борыштарды төлеу, горизонталды мониторингке қатысу мүмкіндігі және т.б.. Салық төлеушілерді ынталандыру үшін ТБЖ ашық өлшемшарттарының санын көбейту қарастырылған (жаңа Салық кодексінің 136, 137-баптары).

 

 

БҚО бойынша МКД