Date of publication: 15.11.2017 15:24
Date of changing: 15.11.2017 15:26

      13 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын түсіндіру бойынша шағын және орта бизнес өкілдерімен өткізілген дөңгелек үстел өткізілді.

         БҚО бойынша МКД Профилактикалық жұмыстар және бақылау басқармасының басшысы Анастасия Болграбская жиналғандарға қылмыстық процесті реформалаудың негізгі нормаларын түсіндірді:

       1. Азаматтарды сот санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту ұсынылып отыр. Ал кәмелетке толмағандарды 24 сағаттан артық ұстауға болмайды, 72 сағат ұстау тек қана ауыр қылмыстарға ғана қолданылады;

        2. Экономикалық қылмыстар бойынша «қамауда ұстау» шарасы қолданылмайды. Аталған қылмыстар адамдардың өміріне қауіп төндірмейді. Қамауда ұстау тек жалған ақша жасау, контрабанда, қаржылық пирамидалар және ұйымдасқан қылмыстық топтар, рейдерлік қылмыстары бойынша қолданылады;
       3. Қылмыстық істерді тергеудің электронды форматқа көшуі.
Бағдарлама қылмыстық процестің барлық сатысын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкім орындалғанға дейін.
       Кездесу барысында заң жобасының азаматтардың құқықтарын сақталуына және қылмыстық процестің шынайылығын қамтамасыз етуге бағытталған тұстары талқыланып, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

БҚО бойынша МКД