Date of publication: 24.08.2022 10:31
Date of changing: 24.08.2022 10:42

     Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты. 

    

     Балалар жылы аталған акция «Мектепке жол-Шексіз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр.  Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына көмек пен қолдау көрсету, әлеуметтік себептермен мектепке бара алмайтын балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару. 

     Жаңа оқу жылы қарсаңында Департамент қызметкерлері көп балалы Ғалия Сейітжанованың отбасына қолдау көрсетті.  Ғалияның жеті баласына Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінен мектеп және спорт формасы, аяқ киім, сондай-ақ қалам, дәптер, қарындаштар, альбомдар және мектеп өміріне қажетті басқа да оқу құралдарына толы рюкзактар сыйға тартылды. 

     Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары А.А.Абильдинов облыстың мемлекеттік кірістер органдары республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дайындауға жыл сайын көмектесетінін атап өтті.

     Мұндай қаржылық қолдау көптеген аз қамтылған отбасыларға өте қажет