Date of publication: 19.08.2022 18:56
Date of changing: 19.08.2022 18:59

     Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі, Департамент басшысының орынбасары Нұрғожаев Дәурен Бірлікұлы 17 тамыз күні Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

     Кездесудің мақсаты жас мамандарға мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары мен стандарттарын біркелкі түсініп, жүзеге асыруда көмек көрсету және қолдау көрсету болды. 

     Кездесуде Нұрғожаев Д.Б.  мамандарды мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының негізгі стандарттарымен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көзделген талаптармен және шектеулермен таныстырды. 

     Департаменттің кадр қызметімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау мақсатында жас мамандар мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы басқарма басшылығын хабардар ету қажеттілігі туралы жазбаша түрде таныстырылды.