Date of publication: 05.04.2021 17:19
Date of changing: 05.04.2021 17:22

Көлеңкелі айналымды қысқарту мақсатында ТІЖ тауарлар айналымының шекарадан бөлшек саудаға дейінгі бақылануын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.

Кедендік ресімдеу (АСТАНА-1) және Электрондық шот-фактуралар (ЭШФ АЖ) бойынша ақпараттық жүйелер сатудың барлық тізбегін бақылауды қамтамасыз ететін болады.

Қазіргі уақытта осы жүйенің Пилоттық жобасыжүргізілуде. Бұл процесте қолданылатын барлықжүйелерді қалыпқа келтіру үшін айыппұлдар мен басқа санкциялар қолданылмайды.

«Салық төлеушілердің көптеген өтініштерібойынша Пилоттың мерзімі:

акцизделетін тауарлар бойынша - 2021 жылғы1 шілдеге дейін;

ЕАЭО-дан әкелінетін/ЕАЭО-ға әкетілетінтауарлар бойынша -2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

виртуалдық қойманың тауарлары бойынша - 2021 жылдың 1  қарашасына дейін кейінгешегеріледі.

ДСҰ-ның Алып қою тізбесіндегі тауарлар жәнецифрлық таңбалау қолданатын тауарлар бойыншапилоттың басталу мерзімі 2021 жылғы 1 ақпаннан2021 жылғы 1 шілдеге, аяқталу мерзімі - 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 1 ақпанғаауыстырылады», - деп хабарлады Ж.Іңкәрбаев.