Date of publication: 18.06.2019 13:45
Date of changing: 18.06.2019 13:46

Орал қаласының тұрғыны Е. Нұрмахамбетов ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен "Қазақтелеком" АҚ "Чек талап ет – сыйлық ұтып ал" бірлескен акциясының жеңімпазы атанды.

Сыйлықты тапсыру рәсімін БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мақсат Кувандықов ашты. Сондай-ақ, "Қазақтелеком" АҚ БЖК маркетинг департаментінің жетекші талдаушысы Базарғалиев Жайық Ғарифоллаұлы қатысты.

Мақсат Қапашұлы бұл акция азаматтарға бір мезгілде кәсіпкерлердің заңнаманы сақтауы бойынша қоғамдық бақылауға қатысуға және бағалы сыйлықтарды ұтып алуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Жас жігіт АИ-92 бензинін жергілікті жанармай құю стансасынан сатып алып, жүлде – IPhone 7 смартфонын ұтып алды.

"Мен сыйлық жеңіп алатындығыма шынымен сенген жоқпын. Үлкен рахмет, күтпеген жерден!»

Естеріңізге сала кетейік, акция 1 мамыр күні басталып, 2019 жылдың 8 тамызына дейін жалғасады. 100 күн ішінде 100 смартфон ойнатылады.

Оған әрбір адам қатыса алады. Ол үшін өз гаджетіне "Таңдау" қосымшасын көшіріп, чектің деректерін осы қосымшада сақтау қажет.

Әрі қарай тек ұтыс ойынын бақылау ғана қалады. Жүлде иесі кездейсоқ сандар генераторының көмегімен күн сайын анықталады.

Чектер мен қатысушылар саны шектелмеген. Чек сомасы маңызды емес. Осылайша, мамыр-маусым айларында Батыс Қазақстан облысында акцияға 1 600-ден астам адам қатысып, 10 000-ға жуық чек жіберілген