Date of publication: 15.05.2019 18:50
Date of changing: 15.05.2019 19:09

2019 жылғы 8 мамырдағы № 263 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкімет қаулысымен зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу кезінде ЖТС бойынша 90% түзетулерді қолдануды алып тастау бойынша күтілетін өзгерістер енгізілді.

Кәсіптік зейнетақы жарналарын санау үшін есептеу объектісін анықтау тәртібі Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру ережесінде (2014 жылдың 26 наурызындағы № 255 ҚР ҮҚ) орнатылған.

ҚР №255 қаулысына ағымдағы 2019 жылға да, алдағы 2020 жылға да 90% түзетулерді  алып тастау бойынша өзгерістер енгізілді.

2019 жылда МКЗЖ бойынша түзетуді болдырмау нормасы 2019 жылғы 8 қаңтарынан бастап қатынастарға таралады.​

Осылайша, 2019 жылы МКЗЖ есептеу кезінде 90% түзету қолдануға керек емес.