Date of publication: 10.04.2019 10:33
Date of changing: 10.04.2019 10:34

2019 жылдың 2 сәуірінде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "ҚР Заңына қол қойды.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері (ПҚӨС) 0,04 АЕК-тен 0,015 АЕК-ке дейін төмендетілді:

Шөгінді тау жыныстары: жұмыртастар мен қиыршық тас, қиыршық тас-құмды (құмды-қиыршық тасты) қоспа, құм және құмтастар, саз және сазды жыныстар (саздақ топырақ, алевролиттер, аргиллиттер, сазды тақта тастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде қабықшалар, борлы жыныстар, доломиттер, әктас-доломитті жыныстар, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), табиғи пигменттер, шымтезек.