Date of publication: 29.03.2019 20:00
Date of changing: 29.03.2019 20:00

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің(Салық кодексі) 774– бабына сәйкес, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

  1. бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
  2. жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
  3. қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

Бұл ретте, Салық кодексінің 774– баптың 2–тармағына сәйкес, бiрыңғай жиынтық төлемді төлеушісі алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

Салық кодексінің 774– баптың 3– тармағына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды:

  1. коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында Салық кодексінің 774– баптың 1–тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;
  2. тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;
  3. жеке практикамен айналысатын адамдар;
  4. оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
  5. дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.

Сонымен бірге, «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-II Заңының 3–бабына сәйкес, осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылатындығын атап өткен жөн.

Аталған Заңның 1 – ші баптың 25-1) тармақшасына сәйкес, таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.

Бұл ретте, Заңның 26 –бабына сәйкес, дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті екендігін хабарлаймыз.

Жоғарыда айтылғанға байланысты, таксимен тасымалдайтын жеке тұлға бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші ретінде танылуға құқығы жоқ.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушіретінде танылуға рұқсат етілген белгіленген қызмет түрлерінің тізімі жоқ екендігін атап өту қажет. Осы сұрақта Салық кодексі мен салалық заңнамалардың талаптарын басшылыққа алу қажет.