Date of publication: 20.02.2019 13:18
Date of changing: 20.02.2019 13:19

БҚО облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға ортақ декларациялау енгізілетінін хабарлайды.

         Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру болып табылады.

         Декларацияны мынадай адамдар ұсынуға міндетті: Қазақстанның барлық кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар адамдар, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, кәмелетке толмаған тұлғалар - оларға тіркелген мүлік болған немесе олар кіріс алған кезде;

         Азаматтар 2020 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдары туралы мәліметтерді жеке тұлғаның 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша көрсету қажет.

         Кейіннен халық жыл сайын кірістер, сатып алған мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады. Бұл ретте жыл ішінде еңбекақы, зейнетақы, стипендия алған және басқа кірістерді алмаған немесе мүлігін сатпаған тұлғалар  бір парақтағы  қысқаша декларацияны нөлдік көрсеткішпен тапсыратын болады.

         Егер кірістер алынған жағдайда толық декларация ұсынылады.

         Декларацияны электронды тапсыру үшін электронды-сандық қолтаңба қажет.