Date of publication: 04.10.2018 19:04
Date of changing: 04.10.2018 19:04

Жылжымайтын мүлікті жалға беруге жеке кәсіпкелерлер де, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар да құқығы бар

Сонымен бірге, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабына сәйкес, жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге мынадай шарттардың біріне сай келетін  жеке тұлғалар жатады:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланады;

2) жеке кәсіпкерліктен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының  1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен  жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық кірісі болады.

Сонымен қоса, мүлікті жалға беруден (мүліктік табыс) түскен табыстар бойынша жеке тұлға өзі күнтізбелік жыл  нәтижесі  бойынша  орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей 240.00 нысан бойынша салық декларациясын табыс етеді және декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 кұнтізбелік күнінен кешіктірмей  алған табыс сомасынан 10 % ставкасымен жеке табыс салығын төлеуге  міндетті.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы  электронды түрде, немесе қағаз жеткізгіште өзі келу тәртібінде дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталуы жайлы хабарламаны ұсыну қажет.

Осы қызмет түрі үшін ең қолайлы режим патент негізіндегі арнаулы салық режимі болып табылады, себебі салық ставкасы 1 % құрайды. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін  келесі шарттарға  сай болу керек - жалдамалы еңбекті пайдаланбау және күнтізбелік жыл бойынша түпкілікті  кіріс 300-еселенген ең төменгі жалақыдан аспау қажет (2018 жылы 8 485 200 теңге).

         "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне сай, салық есептілігін уақытында тапсырмағаны үшін және жеке кәсіпкерлікпен тіркеусіз айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен бірге, егер де сіз белгіленген мерзімде салық есептілігін тапсырмасаңыз, сізге бірінші рет "ескерту" түрінде  өндіріп алу шарасы қолданылады, құқықты қайта бұзғанда әкімшілік айыппұл 36 075 теңгені
( 15 АЕК) құрайды.

Ал жеке кәсіпкерлікпен тіркеусіз айналысу кезінде осындай тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілік бойынша шешімді сот органдары қабылдайды.

БҚО бойынша МКД