Date of publication: 17.01.2018 12:21
Date of changing: 17.01.2018 12:23

            2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын бизнес субъектілері үшін жаңа тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі енгізілді.

           Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 683 бабының 2 тармағына сәйкес тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі пайдалану үшін мынадай талаптарға сәйкес келу қажет: салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны 50 адамнан аспайтын, салықтық кезеңдегі кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 260 еселенген мөлшерінен аспайтын (2018 жылы 346 761 840 теңге).

          Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану  туралы хабарламаны салық төлеушілер тұрған жеріндегі салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады.

           Тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі Салық Кодексінің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді есепке алғандағы кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс болып табылады.

         Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің кірісі осы тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезең ішінде алынуға жататын (алынған) кірістерінен тұрады.

            Шегеріске жататын шығындардың түрлері Салық кодексінің 692 бабында көрсетілген.

           Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасына Салық кодексінің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді ескере отырып айқындалған кіріс сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшердегі тіркелген шегерім сомасын қосуға құқылы. Бұл ретте тіркелген шегерімді қоса алғанда, шегерімге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы Салық Кодексінің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулер ескеріле отырып, кіріс сомасының 70 пайызынан аспауға тиіс.

           Заңды тұлғалар үшін корпоративтік табыс салығының ставкасы 20 пайызды, ал дара кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығының ставкасы 10 пайызды құрайды.

        Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде тапсырылады. Декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу декларацияны тапсыру мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізіледі.

         Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік аударымдарды (МЗЖ, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары) төлеу ай сайын, 200.00 нысанды салық есептілігін тоқсан сайын тапсыру жолымен жүргізіледі,

 

                                                                                                БҚО бойынша МКД