Date of publication: 12.07.2017 10:08
Date of changing: 12.07.2017 10:10

            Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті 2017 жылдың 20 шілдесінде алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек сату, сақтау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алған барлық салық төлеушiлеріне жыл сайынғы лицензиялық алымның төлеу мерзiмiнің аяқталатындығынескертеді. Жыл сайынғы лицензиялық алым қызметтің әрбір нысаны үшін төленеді.

         ҚР  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 282-бабының 8-тармағына сәйкес жыл сайынғы лицензиялық алымды белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу ,    тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.