Date of publication: 18.03.2017 11:42
Date of changing: 18.03.2017 11:58

Оралда «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филалының және БҚО ішкі істер департаментінің  «ЭКСП-2017»  көрмесіне арналған құқық қорғау органдары арасындағы «самбо» күресі бойынша чемпиаонаты аяқталды.

Бұл жарыстарға облыстық және қалалық  деңгейдегі жарыстарда бірнеше  дүркін жоғары орындарға ие болған Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің де спортшы-күрескерлері де қатысты.

Осы  турнирде Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ғұмаров Арман үлкен табысқа ие болды.

Барлық белдесулерді де табысты өткізген ол 90 келіге дейінгі салмақ категориясында чемпион атанды.

Әрдайым жеңісімен қуантатын Арманның кезекті жеңісі әріптестері үшін кездейсоқ емес. Арман- спорт шебері, облыстық және республикалық жарыстардың  бірнеше дүркін жеңімпазы.

«Спортпен шұғылдану жұмыста көмектеседі, сондықтан әрдайым өзімізді қажетті спорттық қалыпта ұстаймыз»,- дейді Арман.

Әріптестері  Арманды жеңісімен құттықтай отырып алдағы жарыстарда да жеңіске жететініне сенімді.

                                                                                       БҚО бойынша МКД.