Date of publication: 27.02.2024 10:49
Date of changing: 27.02.2024 10:51

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы немесе оны өзгертуден бас тарту туралы шешімді мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында баяндалған.

Салықтардың және (немесе) төлемдердің сомаларын біржолғы төлеумен кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Салықтар және (немесе) төлемдердің сомаларын ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып бөліп төлеу үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемді белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін салық төлеушіге берілуі мүмкін, алайда оларды төлеу мүмкіндігі кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілетін мерзім ішінде пайда болады деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар.

!!!!!! 2024 жылдан бастап ҚР Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, енді кейінге қалдыруды соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша алуға болады. (ҚР ҰК 51-2-бабы)