Date of publication: 03.08.2023 19:07
Date of changing: 03.08.2023 19:09

     Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Департамент) келесіні хабарлайды.

     Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы Маштаково көпжақты автомобиль өткізу пунктінде 2023 жылдың 17 сәуірінен бастап өткізу пунктінің аумағын, сондай-ақ оған кірме жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

     Осыған байланысты "Маштаково" КАӨП арқылы көлік құралдарының қозғалысы сфетофорлық реттеуді пайдалана отырып, кері режимде жүзеге асырылатын болады, бұл "Маштаково" КАӨП өткізу қабілетін айтарлықтай төмендетеді (шамамен 2 есе). Жұмыстың жоспарланған аяқталу күні 2023 жылғы 31 тамыз.

     Қалыптасқан жағдайды, "Маштаково" КАӨП – дағы (РФ) - "Сырым" АПП-дағы көлік ағындарының динамикасын ескере отырып және кезектен тыс жол жүруге тырыспау үшін және соның салдарынан жанжалды жағдайлардың туындауын ескере отырып, Департамент шекарадан өту үшін балама маршруттарды таңдау қажеттілігін тағы да еске салады.

     Қозғалыс қарқындылығы ең төмен баламалы маршруттар ретінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға "Тасқала", "Шаған", "Ақсай"АПП арқылы кіру/шығуды пайдалану ұсынылады.