Date of publication: 24.07.2023 16:15
Date of changing: 24.07.2023 16:17

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен бірлесіп "салық салу саласындағы проблемалық мәселелер (2023 жылдың І жартыжылдығы кезеңі) "тақырыбында" дөңгелек үстел " өткізеді.

Күн тәртібінде:

1. Жалпыға бірдей декларациялау. Бизнеске қалай дайындалу керек.

2. Камералдық бақылаудағы өзекті өзгерістер.

3. Әкімшілік рәсімдерге қатысушылардың шағымдары бойынша тыңдау.

4. Салық, кедендік даулар саласындағы талап-арыздар бойынша проблемалық мәселелер.

5. Салық заңнамасы саласында прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру.

Іс-шараны өткізу күні мен уақыты: ағымдағы жылғы 25 шілде сағат 16-00-де.

Қатысушыларды, БАҚ өкілдерін тіркеу – ағымдағы жылғы 24 шілдеде сағат 18-00-ге дейін.

Туындаған барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 8(7112) 50 39 77, электрондық пошта: 711-5960@sud.kz