Date of publication: 04.07.2023 16:24
Date of changing: 04.07.2023 16:25

03.07.2023 жылы Мемлекеттік кірістер органдарында Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі Жоспарды орындау шеңберінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Т. Т. Ақбаев Департамент қызметкерлері үшін семинар-кеңес өткізді

Кеңесте Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін арттыру бойынша қабылданатын ағымдағы кезеңдегі жағдай туралы хабардар етті. Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды және жоғары кәсіби және адами беделдің кепілі заңдылық пен әдептілік қағидаттарын ұдайы ұстану болып табылатынын атап өтті.

Ол мемлекеттік қызметшілердің назарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің имиджін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға аударды, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қызметтік уақытта да, бос уақытта да сақтау қажеттігін еске салды.