Date of publication: 21.04.2015 10:48
Date of changing: 21.04.2015 10:49

   

Департамент қызметкелерінің кәсіби білімін арттыру, аудитория алдында сөйлеуді үйрену, топтасқан пікірталастарға  қатысу деңгейін көтеру мақсатында әр апта сайын кәсіби техникалық оқулар өткізіледі. Оқыту кезінде баяндамашылар слайдтар колданып, салықтар мен кедендік төлемдерді есептеудің үлгілерін келтіреді.

«Бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолданудағы сұрақтар» тақырыбында мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Е.Ғ.Найзабеков сөз сөйлеп, фискалдық жады бар БКМ қолдануына заңнамада өзгерістер енгізілгенін  баяндады. «Фискальдық деректер операторы», «ақшалай есеп айырысулар», «фискалдық деректерді жинақтауыш» және басқа түсініктер енгізілді; фискалдық жады бар БКМ тіркеу және шығару есебі 5 күннен 3 жұмыс күнге қысқартылды; кіріс органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін БКМ қолданылуы 2015 жылдың 1 шілдеге ауыстырылды.

Баяндамашы 2015 жылдың 1 шілдеден бастап бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілердің мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін БКМ міндетті түрде қолдануы керек екенін атап өтті. Коммуникациялық желіні ортақ колдану мүмкін емес аймақтарда салық төлеушілер БКМ қолданудан босатылады.

Сонымен қатар POS-терминалды қолдану туралы сұрақтар қаралды.

Баяндамашының сөзінен кейін тыңдаушылар баяндамашыға кәсіби баға береді.

Мамандардың баяндама әзірлеуі, БАҚ-на мақала беруі, конференция, семинар, отырыстар мен пікірталастарға  қатысуы кәсіптік деңгейін есептеу кезінде ескеріледі.

 

БҚО бойынша МКД