Date of publication: 21.04.2015 10:31
Date of changing: 21.04.2015 10:34

 

Салықтық бақылау жүргізуде, әкімшілендіруде бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің(салық агенттерінің) салық есептеріне, өкілетті органдардың мәліметтеріне және басқа да құжаттар мен мәліметтерге талдау жүргізу жолымен атқарылатын камералдық бақылау басым бағыт болып отыр.

 Бұл бақылау түрінің ерекшелігі-салық төлеушіге анықталған бұзушылықтарды түзетуге мүмкіндік берілетіндігінде. Камералдық бақылауды қолдану арқылы көбінесе салық тексерулерінен тиімділік дәрежесі  қалыспайтын бақылау қамтамасыз етіледі.

Бұқаралық  ақпарат және ассоциациялар өкілдеріне департаменттің аумақтық бөлімдерінде жүргізіліп жатқан камералдық бақылау және салық төлеушілер тарапынан жіберілетін негізгі бұзушылықтар туралы БҚО бойынша МКД Камералдық бақылау басқармасының бөлім басшысы Өтеуоллина Нұргүл айтып берді. Сонымен қатар, кездесу  барысында салық кодексіндегі салықтық тексерулерге қатысты өзгерістер туралы айтылды. Бұрынғы салықтық тексерулерге келетін болсақ, енді жоспарлы салықтық тексерулер жойылып,  орнына- ішінара салықтық тексерулер тағайындалатын болады.

САЭБ бөлімінің басшысы О.Д.Никитин ішінара салықтық тексерулері салық төлеушілерге  2014 жылдың аяғында енгізілген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып тағайындалатынын айтып өтті. Тәуекелдерді басқару жүйесінде әрбір құқық бұзушылыққа тән өлшемдер жасалған, сонымен бірге, тәуекелдер субъектілердің өзгешеліктері мен көлеміне қарай бағаланады.

Әрбір субъект бойынша тәуекелдер дәрежесі критерийлер негізінде анықталады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде жоғары тәуекелдер  субъектілері арасынан ішінара тексерулер тағайындауға жататын салық төлеушілер тізбесі түзіледі. Егер салық төлеуші орта және төменгі тәуекелдер деңгейі категориясына жататын болса немесе ол бойынша тәуекелдер болмаса, оған тәуекелдерді төмендетудің басқа шаралары алынатын болады.
            Сондай-ақ, қатысушылардың каперіне Салық кодексіне жаңадан енгізілген 37-2 «Салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері» бабы және ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіндегі салық салуға қатысты өзгерістері  туралы айтылды.   

БҚО бойынша МКД