Date of publication: 05.12.2022 14:46
Date of changing: 05.12.2022 14:49

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.

     2022 жылғы 28 қарашадан бастап  «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде  «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады.

     Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ  ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) http://eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хбарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз. 

Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша бойынша Батыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Кедендік әқімшілендіру бақармасының бас маманы Т.Қ. Юсиповке 53-84-28 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлердің байланыс деректері 8 (7172) 7182-82, o.turlybekov@kgd.gov.kz.