Date of publication: 02.09.2022 16:56
Date of changing: 02.09.2022 16:57

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.

     2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап  «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде  «уәкілетті экономикалық операторлар» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады.

     Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйеде өзін-өзі тіркеу жөніндегі нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған http://eokno.gov.kz ("Онлайн оқыту" бөлімі). Кедендік тексеруді жүргізу күні туралы, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хабарламаларды жіберу үшін өзін-өзі тіркеу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірін және электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.

     Пайдаланушыға қолдау көрсету қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

     Өтінім нысанын толтыруға қатысты сұрақтар бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік әкімшілендіру басқармасының қызметкері Т.К. Юсиповқа 8 (7112) 53-84-28 телефоны бойынша хабарласыңыздар, t.yusipov@kgd.gov.kz.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлердің байланыс деректері 8 (7172) 71-70-70, zh.sekenov@kgd.gov.kz.