Date of publication: 31.10.2019 14:08
Date of changing: 31.10.2019 14:12

     Кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыру барысында әртүрлі іс-әрекеттердің көмегімен әкелінетін тауар туралы ақпаратты бұрмалайды, бұл салықтарды төлеуді азайтуға немесе болдырмауға мүмкіндік береді.

     Көбінесе тауар-көлік жүкжөнелтпе құжаттарында анық емес ақпарат көрсетіледі немесе басқа, неғұрлым тиімді импорттаушыға ауыстырылады.

     2019 жылдың 26 қазанында Орал қаласында жүргізушісі жеке тұлға - РФ азаматы болып табылатын жүк АКҚ ұсталды.

     Жүргізуші РФ жіберушісінен VOLVO автомашинасында сомасы 26 900 сом құрайтын 14 800 кг картоп түрінде жүк тасымалдаған.

     Тауар-көлік жүкқұжатына сәйкес Қазақстанда алушы "Capital Trans Asia" ЖШС болып табылады, ол 2018 жылдың 25 сәуірінен бастап әрекетсіз деп танылды және тауар импортына қатысы жоқ.

     Құжаттарда жүк алушы туралы дұрыс емес мәліметтерді көрсетгені үшін жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 571-1-бабының 1-бөлігі бойынша 50 500 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

     Мұндай "жасырыңды" сұлбаның ұйымдастырушысы Орал қаласының жеке кәсіпкері болып шықты. Осыған байланысты жеке кәсіпкер импортқа ҚҚС төлеуге және толық салық есептілігін ұсынуға міндеттенді.