Date of publication: 13.11.2015 18:37
Date of changing: 13.11.2015 18:46

    Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен алынады.

         Қазақстан Республикасының аумағында қызметін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады. Қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - рұқсат құжатын беретін орган) беретін экологиялық рұқсат (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негізінде жүзеге асырылады.

    Белгіленген тәртіппен ресімделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгіленген эмиссиялар нормативтерінен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретінде қарастырылады.

    Қоршаған ортаға эмиссиялардың:

1) ластаушы заттар шығарындыларының;

2) ластаушы заттар төгінділерінің;

3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының;

4) мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, орналастырылған күкірттің белгіленген нормативтері шегінде және (немесе) одан да көп мөлшерде қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

         Ластаушы заттардың шығарындыларының құрамы мыналардан тұрады:

         Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары;

         Алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары;

         Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары.

         Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, атмосфералық ауа ластағыш заттардың шығарындыларының қозғалмалы көзі дегеніміз – отынның әртүрлі түрімен жұмыс істейтін ішкі жану қозғалтқыштарымен жабдықталған тасымал құралдары, техника және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғылар.

         Экологиялық кодекстің 28-бабының 6-тармағына сәйкес қозғалмалы көздерден атмосфералық ауа ластағыш заттардың шығарындылары эмиссиясының нормативтері  белгіленбейді.

         2014 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су қорлары министрі №221-Ө бұйрығымен бекіткен тұрақты дизельдік қондырғылардың зиянды заттары шығарындыларының нормативтерін есептеу Әдістемесінің 3-тармағына сәйкес, тұрақты дизельдік қондырғы – жүктемелі сипаттама бойынша жұмыс жасайтын дизелі бірінші ретті отын көзі ретінде пайдаланылатын, тұтынушыға берілетін электрлік, гидравликалық, жылу немесе өзге де энергия түрлерін өңдеуге арналған қондырғы.

         Сонымен қоса, Тұрақты дизельдік қондырғылардан атмосфералық ауа ластағыш заттардың шығарындыларының нормативтерін есептеу әдістемесінің 6.6-тармағында көрсетілгендей, өндірістің технологиялық регламентіне сәйкес, дизельді электр станциялары (ДЭС) резервтік (яғни, қуат жетіспегенде пайдаланылады) немесе апаттық (яғни, апатты жағдайларда, мысалы, электр бәсңдеуінде пайдаланылатын) болып жіктеледі.

         Егер дизельдік электр қондырғысы резервтік болса, онда оның шығарындылары нормалауға жатады және олар үшін ПДВ нормативтері  белгіленген, сәйкесінше резервтік ДЭС тұрақты көз болып табылады.

Егер ДЭС апаттық болса, онда оның шығарындылары нормалау жұмыстарына ескерілмейді, ал оны қолдану, профилактикалау және осындай жағдайларды жою сияқты жағдайларды сипаттау жобалық құжатнаманың тиісті бөлімінде беріледі, сәйкесінше апаттық ДЭС жылжымалы көздерге жатады.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, апатты дизель-генератордың қоршаған ортаны ластағыш заттар шығарындыларының эмиссиясы үшін төлемақы шығындалған отын көлеміне байланысты Салық кодексі белгілеген мөлшерлеме бойынша есептеледі және Салық кодексінің 496-бабының 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, салық төлеуші орналасқан жері бойынша қоршаған ортаға эмиссия төлемақысының мөлшерлемесін он есе арттырмастан төлеуіне болады.