- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 14.02.2017 13:15
Date of changing: 14.02.2017 13:16
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 26-тармағына және 52-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттар, оның ішінде шот-фактуралар, электрондық нысанда рәсімделеді.
Бұдан тыс,Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсндағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» 424 және 426-тармақтары қолданысқа енгізілгендігі қай жерде көрсетілген:
424-тармақтары: Шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдап алу-беру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді.
426-тармақтары:Тауарларды жеткізген кезде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезекпен жүзеге асырылады:
1) жүкқұжаттың түпнұсқасын бере отырып, тауарды жеткізу орнына тауарды жеткізу;
2) өнім беруші тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдейді;
3) тапсырыс беруші тауарды қабылдайды;
4) «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10423 болып тіркелді) (бұдан әрі - Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалар) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;
5) тапсырыс беруші жеткізілген тауар үшін ақы төлейді.
Аталған өзгерістер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығымен бекітілген «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына»қатысты.