Date of publication: 26.07.2018 19:18
Date of changing: 26.07.2018 19:22

      Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар .

     Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

     Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

     Электрондық сауданы дамытуды ынталандыру мақсатында электрондық тауарлармен сауда жүргізуші салық төлеушілер үшін Салық кодексінде корпортативтік табыс салығы мен жеке табыс салығынан толығымен босатылатын жеңілдік қарастылырған.

     Салық кодексінің 293 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

     Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.

      Салық кодексінің 293 баптың 3 тармағы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекет етеді.

     Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылдың 25 желтоқсандағы № 121-VI ЗРК Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы заңының 357 баптың  2 тармағы 2020 жылдың 01 қантарына дейін келесі редакциясында әрекет етеді: «жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

дара кәсіпкердің осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі, алу тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі алу осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, кірісті түзету сомасы, алу осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген мөлшерде және тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы.

     Дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, егер осындай қызмет операциялары бойынша пайда болған теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуі ескеріле отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін  жиынтық түрде алған кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, жүргізіледі.Бұл шарт сақталмаған кезде дара кәсіпкер осы тармақтың бірінші бөлігі үшінші және төртінші абзацтарының ережелерін қолдануға құқылы емес».

     Салық кодексінің 357 баптың 2 тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекет етеді.