Date of publication: 14.02.2017 13:31
Date of changing: 14.02.2017 13:32

Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 2016 жылғы 19 қарашасында №553 және 554 бұйрықтарымен белгіленген жеке және заңды тұлғалармен шетелдік көздерден алған қаржыландыруға қатысты 017.00, 018.00 есептілік нысандары бойынша Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Салық кодексінің қолданысына түзетулер енгізілді.

017.00 есептілік нысаны бойынша №553 Бұйрық 2016 жылдың 25 қарашасынан бастап, ал 018.00 есептілік нысаны бойынша №554 Бұйрық 2016 жылдың 2 қарашасынан бастап енгізіледі.

Осы мерзімнен бастап мемлекеттік кірістер органдарына 017.00, 018.00 нысандары бойынша есептілікті ұсыну міндеттілігі туындайды.

Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - тұлғалар) тұрғылықты жері бойынша шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардың олармен жасалған мәмілелер бойынша және төмендегідей қызмет түрлеріне бағытталған 1 теңге сомасынан асатын ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны туралы мемлекеттік кіріс органдарын хабардар етеді:

- заң көмегін көрсету, соның ішінде құқықтық ақпараттандыру, азаматтардың және ұйымдардың мүдделерін қорғау және өкілдік ету, сондай-ақ оларға кеңес беру;

- қоғамдық пікірді сұрастыруды зерттеу және жүргізу, әлеуметтік сауалнама (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірді сұрастыру және әлеуметтік сауалнаманы қоспағанды), сондай-ақ олардың нәтижелерін тарату және орналастыру;

- ақпараттарды жинау, талдау және тарату, коммерциялық мақсатта, яғни шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдармен жасалған мәмілелер бойынша ақша немесе өзге де мүліктер алатындар 017.00 нысан бойынша хабардар етеді.

017.00 нысан бойынша есептілікті табыс ету мерзімі - шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақаша және өзге де мүлікті алуға жататын міндетті деректер туралы мәміле жасасқан күннен келесі 10 жұмыс күн ішінде тапсырылады.

Бұрын жасалған мәмілелер шартының ақша бөлігіне өзгерістер еңгізілген жағдайда шарттың міндеттемелерін орындау мерзімдері туралы хабарлама шартқа өзгерістер еңгізген күннен кейінгі 10 жұмыс күні ішінде тапсырылады,

Мәміле бұзылған жағдайда, мәміле бұзылған күннен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде «Қосымша» түрін көрсете отырып  Хабарлама жіберіледі, негізгі хабарлама тіркеу нөмірін және барлық бұрын көрсетілген бағандарының толтыру деректемелерін көрсете отырып, соманы көздейтін бағандарының деректемелерін қоспағанда, «минус» белгісімен көрсетілетін, яғни төлеу маңызына қарамастан келісім-шарт жасасу қажет фактісі бойынша белгіленген нысанда хабарлама тапсыру қажет.

018.00 нысаны бойынша мәліметтер тоқсан сайын екінші айдың 15-сі күнінен кешіктірмей есепті тоқсаннан кейінгі алынған ақшаны және (немесе) мүлікті толық жұмсау бойынша ұсынылады. Деректер болмаған кезде, көрсетілуге жататын мәліметтер нөлдік мәндермен ұсынылады.

2016 жылдың 4-тоқсанына тоқсан сайын есеп беру бойынша 018.00 нысанының ұсыну мерзімі - 2017 жылдың ақпан айының 15-ші жұлдызы. 

Салық есептілігі ұсынылмағаны  немесе жалған көрінеу, жалған мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.