Date of publication: 15.05.2018 13:53
Date of changing: 15.05.2018 13:57

     Ағымдағы жыдың 10 мамырында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі-БҚО бойынша МКД) мемлекеттік қызметкерлердің этикалық мінез-құлықтары және моральдық - адамгершілік қасиеттері имиджін нығайту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында оқыту семинары ұйымдастырылып өткізілді. Семинар БҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Н.С. Абдулов және БҚО бойынша МКД этика жөніндегі уәкілі А.С. Хаймолдиновтың басшылығымен өткізілді, семинарға қатысу үшін, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті (бұдан әрі-БҚО бойынша МҚІАД), қоғамдық бірлестіктер (НПО) өкілдері шақырылды. Семинар БҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Н.С. Абдуловтың семинарға қатысушыларды құттықтау сөзімен және шақырылған БҚО бойынша МҚІАД лауазымды тұлғаларын таныстырып, күн тәртібін жариялаумен басталды. 

     БҚО бойынша МҚІАД Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау бойынша бақылау басқармасының басшысы Ж.М. Мұратов, өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтау бойынша мемлекеттік және атқарушы органдардың этика жөніндегі уәкілдерінің рөлін түсіндірді, БҚО бойынша МҚІАД Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маман Г.М. Буржакаева, алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс нәтижелері туралы видеоролик көрсетті, соның ішінде мемлекеттік органдардың мамандарына Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволарының басшыларынан бастап түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің жасаған сыбайлас жемқорлық фактілерін ашу фактілері анық көрсетілген. 

     БҚО бойынша МКД этика жөніндегі уәкілі А.С. Хаймолдинов өз сөзінде төмендегілерді атап өтті:  Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті. Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.

     Семинар соңында барлық қатысушыларға, «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» Нұсқаулықтарының кітап түрінде тігілген көшірмелері үлестірілді. Осы нұсқаулықта мемлекеттік қызметші әдебін сақтау бойынша қысқаша нұсқау ұсынылған. Мұнда лауазымды тұлғалардың мінез-құлық нормалары, олардың әріптестерімен өзара қарым-қатынасы мен қызметтік және қызметтік емес қарым-қатынастардың қағидаттары қарастырылған мысалдар келтірілген. Осы нұсқауды қолдану халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік беретін болады. Семинарға қатысушыларға Нұсқаулықты мұқият оқып,  үйрену сонымен қатар, олардың бөлімшелеріндегі жұмыс ерекшелігін ескере отырып, егер болған жағдайда тәжірибеден алынған кейбір жағдайлар мен мысалдарды талдау жасау үшін ұсыну және оларды кейіннен осы нұсқаулыққа енгізу ұсынылды.