
2021 жылғы 26 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент пен Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жеке құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы қолдану мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Департамент басшысының орынбасары А.А.Абильдинов кіріспе сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы, оның нысандары, қоғамның түрлі салаларындағы көріністердің ерекшеліктері және әлеуметтік-қауіпті салдарлары туралы атап өтті.
Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген аса маңызды және маңызды өзгерістер туралы айтып берді.
Кеңес барысында Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі, Тарифтік реттеу басқармасының басшысы Н.У.Сапаров жеке құрамды басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің мінез-құлық қағидалары туралы хабардар етті.
Қорытындылай келе, Департамент мамандары облыстың мемлекеттік кірістер органдары қызметінің өзге де өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында бейнероликтер көрсетілді.