Date of publication: 29.11.2021 13:39
Date of changing: 29.11.2021 13:40

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «Сенім телефоны»:

8 (711 2) 53- 82 - 82.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасы Қазақстан Республикасының 18.11.2015 жылғы №410-V "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ Заңымен сыбайлас жемқорлықтың негізгі қағидаттары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды барынша азайту мен жоюдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері белгіленгенін хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық жағдайларының алдын алу және жолын кесу мақсатында сыбайлас жемқорлықтың барлық фактілері туралы Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің және аудандар мен Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының Сенім телефондары арқылы хабарлауға болады.

* Орал қаласы бойынша МКБ 8 (7112) 50 37 86;

* Ақжайық ауданы бойынша МКБ 8 (711 36) 91-1-66;

* Бөкей ордасы ауданы бойынша МКБ 8 (711 40) 21-1-94;

* Бөрлі ауданы бойынша МКБ 8 (711 33) 35-7 - 35;

* Жәнібек ауданы бойынша МКБ 8 (711 35) 21-2-82;

* Жаңақала ауданы бойынша МКБ 8(711 41) 21-8-79;

* Бәйтерек ауданы бойынша МКБ 8 (711 30) 22-2 32;

* Казталов ауданы бойынша МКБ 8 (711 44) 31-9-00;

* Қаратөбе ауданы бойынша МКБ 8 (711 45) 31-8-03;

* Тасқала ауданы бойынша МКБ 8 (711 39) 21-3-36;

* Теректі ауданы бойынша МКБ 8 (711 32) 21-9-94;

* Сырым ауданы бойынша МКБ 8 (711 34) 31-1-28;

* Шыңғырлау ауданы бойынша МКБ 8 (711 37) 33-3-01.

Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құқыққа қайшы іс-әрекеттері туралы хабарламаларды zko_dgd@kgd.gov.kz электрондық мекенжайына жіберуге болады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері (шағымдар) туралы ақпаратты жіберген кезде мыналарды көрсету қажет:

- Сіздің деректеріңіз (аты-жөні, мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы);

- қандай бұзушылық жөнінде хабарлап отырсыз;

- бұзушылықтың күні, уақыты және орны;

- бұзушылық жасаған адамның деректері;

- Сіздің өтінішіңізді растайтын дәлелдер (құжаттар, бейнелер және т.б.).

"Сенім телефонын" анықтамалық ақпарат алу үшін пайдалану қарастырылмаған.

АРБ БҚО бойынша МКД