
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегінің берілмегені туралы немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау үшін 2021 жылдың 20 қазанынан бастап «Азаматтық бақылау – Түбіртекті талап ет» акциясының қайта басталғаны жайлы хабарлайды. БКМ фискалды түбіртегінің берілмегені туралы немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы төленетін болады.
«Азаматтық бақылау – Түбіртекті талап ет» акциясына кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын болады.
Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play Market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады.
Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзушыларға бей-жай қарамауға және «Азаматтық бақылау – Түбіртекті талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырады.
Бейнероликті мына сілтеме бойынша көруге болады: