
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) пайдаланатын жеке кәсіпкерлер үшін салық заңнамасына сәйкес салықтық жеңілдіктер қолданылатынын хабарлайды.
Жалпы ҮИЖ жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ЖК үшін ҮИЖ қолданудың артықшылықтары:
ҮИЖ бойынша өтетін қолма-қол ақшасыз айналымдардың (төлем картасымен төлеу) сомасы ҚҚС бойынша есепке қою үшін айналымға (114 184 АЕК шегінде), сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдану үшін жартыжылдық үшін шекті кіріс сомасына (70 048 АЕК шегінде) енгізілмейді.
Осылайша, оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ЖК үшін ҮИЖ пайдаланған кезде 2021 жылы оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдану үшін жартыжылдық үшін шекті кіріс сомасы 70,1 млн.теңгеден 274,4 млн. теңгеге дейін ұлғайды, ҚҚС бойынша есепке қою үшін ең төменгі айналым 87,5 млн. теңгеден 420,5 млн. теңгеге дейін ұлғайды.
Бұл ұлғаю ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылады.
Бұдан басқа, ҮИЖ функционалдық модульдерден, оның ішінде салықтық есепке алу және тіркелімдер модулінен, интеграциялар модулінен және т.б. тұратын есептік компонентті қамтиды, бұл жүйеде тауарлардың қозғалысы, сондай-ақ салық есептілігін, оның ішінде жалдамалы қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға және жіберуге мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі. Жүйе сондай-ақ "ОӘДШ" АЖ-дан есептелген және төленген салықтар бойынша деректерді алу мүмкіндігін; ЭШФ АЖ-мен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін, ЭШФ негізінде ТІЖ және ТІЖ ресімдеуді және т. б. қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта ҮИЖ бірыңғай тізіліміне ҮИЖ 3 моделі енгізілді. АЖД бірыңғай тізілімімен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтында танысуға болады.
ҮИЖ тіркеу өтініш негізінде салық төлеушінің кабинеті арқылы жүргізіледі.
ҮИЖ-ге және оны есепке алуға қойылатын талаптар, ҮИЖ-ді орнату және қолдану қағидалары "Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген.