
Құрметті салық төлеушілер!
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (әрі қарай – МКД), 2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілердің қосымша тапсырған салықтық есептері мен төленген салықтар бойынша қаржылық тұрақтылығы және (немесе) төленген салықтар көрсеткіштері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтеріне өзгерістер енгізу мүмкіндігі алып тасталған (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 447-3 тармағы).
Аталған тармақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылдың 25 тамызында № 863 бұйрығымен алынып тасталған, 2021 жылдың 7 қыркүйегінде заңды күшіне енді.
Осылайша, бүгінгі таңда Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері Қағиданың 447-2 тармағына сәйкес веб-порталда күнтізбелік жыл ішінде мәліметтерді қолдану жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады.