Бүгінгі таңда ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы жергілікті жерлердегі құрылымдық бөлімдерінің жұмысын оңтайландыру жолдарын, әрбір қызметкердің еңбек тиімділігін арттыру жолдарын қарастыруда.
Бұл үшін бұрыннан қалыптасқан жолдардан гөрі жетілдірілген «Эврика» интранет порталының жұмысына үлкен үміт артылуда.(жапондық «сапа үйірмесі үлгісіне)
Жапонияда сапаны басқарудың кешенді жүйесін қалыптастыруда сапа үйірмелері деп аталатын үйірмелердің маңызды роль атқарғаны белгілі. Осы заманғы сапаны басқаруды ұйымдастыру қалыптасқан классикалық схемадан басқа тың әдісті қажет етті. ақпараттың жоғарыдан төмен немесе керісінше төменнен жоғары қарай түсуі жеткіліксіз болып қалды. Жоғары сапаға жету үшін көп мақсатты әртүрлі дейгейдегі ақпарат алмасуды қажет етті. Сапа үйірмелерінің мәжілісі көлденең байланыстарды қамтамасыз етсе, бағыныштылық бойынша өзара байланыс-вертикалды байланысты қамтамасыз етеді. бұлардың екеуі де өте қажет және сапаны басқаруға жоғарыдағы басшылардан бастап, инженерлер, басқарушылармен қоса барлық жұмысшыларды қосуға мүмкіндік береді.барлы персоналды қатыстыруға мүмкіндік береді.
Кеше, батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Ж.Жақановтың кабинетінде Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының еңбек коллективінің кейбір қызметкерлері, екі ауданның кіріс басқармаларының өкілдері, департамент қызметкерлері жиналды.
Жиналғандарға ұжым басшысы, сапа үйірмесі- департаменттің барлық деңгейдегі қызметкерлерінің басқаруға қатысуын қамту принципін іске асыратын корпоративтік мәдениеттің элементі екенін түсіндіріп өтті.
Алғашқы кездесуде –ақ үйірмешілер ұжымды біріктіре түсетін бірнеше бағалы ұсыныстар айтты. Оларға кабинеттердің орналасуы, аграрлық секторда ҚҚС өндіріп алу, салық төлеушілерге кеңестер беру, тауарларды электронды декларациялау, ұжымды біріктіретін кешенді іс-шаралар ұймдастыруды жатқызуға болады.
Әрине, алғашқы кездесуде барлық мәселелерді қамту мүмкін емес еді. Алайда, идея құпталды. Ол мекеменің барлық құрылымдық бөлмдеріне жеткізілетін болады.Оларда да дәл осындай үйірмелер құрылып, көкейтесті мәселелерді талқыға салып, ұтымды ұсыныстар айтылатын болады.